457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ушу спортынан Азия чемпионаты. Қазақстан 6 медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды.


Жарысты Халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырды. Оған Азия мен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. 

Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 9 ушу спортшы алып барды. Нәтижесінде 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Ел құрамасынан Бексұлтан Қоскенов (65 келі) чемпион атанса, Дияр Хамраев (90 келі) және Ислам Иминов (48 келі) күміс жүлдегер болды. 

Сондай-ақ Карим Иминжанов (56 келі), Нұрислам Авутов (52 келі), Расул Тұрғанжанов (75 келі), Юлтуз Юлдашева (60 келі), Карина Исмаилова (75 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Ұлттық құрама жарысты жалпы есепте 6-орында аяқтады.

Еске салсақ,бұған дейін қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионатының рекордын жаңартқанын жазғанбыз. 

Фото: Спортты  дамыту дирекциясы