457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының рекордын жаңартты

Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Азия чемпионаты дәл қазір Астана қаласында өтіп жатыр. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымызға тең келер ешкім болған жоқ.

Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.

Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты - 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді - 334 (154+180) келі.

Фото: ҰОК