457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Магистратура: кешенді тестілеудің аралық нәтижесі жарияланды

Болашақ магистранттарды жоғары оқу орындарына қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады

Бүгінгі күнге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді (КТ) 39 мыңнан астам үміткер тапсырды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Аралық қорытынды бойынша:

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 52%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған;
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы орташа балл — 78, ал бейінді бағытта — 23 балл;
Ең жоғары нәтиже — 139 балл.
Сонымен қатар, тестілеу барысында тәртіп бұзғаны үшін 99 адамның нәтижесі жойылды. Атап айтқанда:

Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 67 үміткер тест тапсыру құқығынан айырылды;
Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 31 адам аудиториядан шығарылды;
1 бөгде тұлғаның қатысқаны анықталды.
Еске салайық, магистратураға қабылдауға арналған кешенді тестілеу 21 шілдеде басталған және 7 тамызға дейін жалғасады.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12–18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланбақ.
Болашақ магистранттарды жоғары оқу орындарына қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі