«Жамбасым шығып кетті»: Танымал спортшы қыз мансабын аяқтады

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады

Сабина Асқарқызы

  • 07.03.2025

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады.

"Әр басталған нәрсенің өз соңы бар. Мен өз спорт түріме әуеде қалықтаудың ләззатын сыйлағаны үшін шексіз ризамын. Бұл сезімді қатты сағынатын боламын! Маған әлемді көру мүмкіндігін бергенің үшін рахмет. Рухы мықты, ерекше жандармен таныстырғаның үшін алғыс айтамын. Командама барлық еңбегі мен қолдауы үшін, сондай-ақ менің спорттық жолымда бірге жүрген барша жанға үлкен рахмет!

Спортшы қыз әр деңгейдегі 125 жарысқа қатысты: Үш қысқы Олимпиада ойындарына; Сегіз әлем чемпионатына; 54 Әлем кубогының кезеңіне; төрт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына.

Жалпы, 14 рет жеңімпаз атанып, 33 рет жеңіс тұғырына көтерілдім. Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу бұйырмады. Демек, Қазақстанда бұл тарихи жетістікке жететін спортшы мен емес болғаным ғой. Дегенмен, еліміздің фристайл-акробатикасына үлкен үлес қосқанымды және осы спорт түрінде әзірге ешкім жетпеген нәтижеге қол жеткізгенімді мақтанышпен айта аламын (мақтанғаным емес, бұл шындық). Мен Қазақстанда Олимпиада чемпионы шығатынына сенемін және соған үлкен үміт артамын.

Ал мансабымды аяқтауымның басты себебі – өткен маусымның желтоқсанында алған жарақатым (жамбасымның шығуы). Денсаулық мен үшін қазір бәрінен маңызды", – деп жазды Алдабергенова.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады