Жәнібек Әлімханұлы: Қорқатындай ештеңе жоқ, барлығын жекпе-жекте көресіздер

Арман Қайыпхан

  • 04.04.2025

5 сәуір күні елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде отандық бокс жанкүйерлері тағатсыздана күткен үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жекпе-жекте еліміздің және Өзбекстанның даңқты боксшылары шетелдік қарсыластарымен күш сынасады. Бүгін бокс кешінде өнер көрсететін барлық былғары қолғап шеберлері жекпе-жек алдындағы ресми іс-шараларды толық аяқтады.

Біз Анауэль Нгамиссингені жан-жақты зерттедік. Оның ерекше бір артықшылығы немесе айрықша стилі бар деп айта алмаймын. Бірақ әлсіз тұстарын байқадым, оны рингте ескеремін. Шынымды айтсам, жекпе-жекте мен жай ғана соққы жасай беремін. Себебі, оның шеберлігі, мықты тұстары немесе қорқатындай артықшылығы байқалмады. Жекпе-жекті көрсеңіздер, бәрін өздеріңіз көресіздер, - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Бүгін боксшылар салмақ өлшеу және дәстүрлі көз түйістіру (face-to-face) рәсімінен өтті. Бұл рәсімге кештің басты қаһармандары - IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) және Франциядан келген қарсыласы Анауэль Нгамиссинге (14-0, 9 КО) қатысты.

Кештегі жаңалық: Екінші жеңіл салмақта жұдырықтасатын Махмұд Сабырханның қарсыласы ауысты. Енді ол Вьетнамнан келген Данг Дак Хайнхпен жекпе-жек өткізеді.

Боксшылардың салмақ көрсеткіштері:

Орта салмақтағы чемпиондық айқас (72,6 кг), 12 раунд

Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан, 16-0, 11 КО) — 72,35 кг

Анауэль Нгамиссинге (Франция, 14-0, 9 КО) — 72,05 кг

IBF Intercontinental: Екінші орта салмақ (58,9 кг), 10 раунд

Сұлтан Заурбек (Қазақстан, 19-0, 13 КО) — 59,9 кг

Азинга Фузиле (ОАР, 18-2, 12 КО) — 58,74 кг

Аса ауыр салмақ, 10 раунд

Баходир Джалолов (Өзбекстан, 14-0, 14 КО) — 114,10 кг

Игорь Шевадзуцкий (Украина, 12-2, 10 КО) — Салмағы әлі белгісіз

Бірінші орта салмақ (64,4 кг), 10 раунд

Батыр Жүкембаев (Қазақстан, 23-1, 17 КО) — 64,35 кг

Кейн Гарднер (Ұлыбритания, 17-4, 7 КО) — 63,60 кг

Екінші жеңіл салмақ (55,2 кг), 6 раунд

Махмұд Сабырхан (Қазақстан, дебют) — 55,34 кг

Данг Дак Хайнх (Вьетнам, 2-1, 2 КО) — 54,78 кг

Әйелдер арасындағы жекпе-жек: жеңіл салмақ (53,5 кг), 8 раунд (2 минуттан)

Балауса Мұздыман (Қазақстан, 6-0, 5 КО) — 54,46 кг

Мария Тереза Пинили (Филиппин, 7-1, 2 КО) — 53,26 кг

Жартылай жеңіл салмақ (57,1 кг), 8 раунд

Отабек Холматов (Өзбекстан, 12-1, 11 КО) — 57,4 кг

Джейсон Кано Манигос (Филиппин, 30-12-2, 20 КО) — 56,92 кг

Жартылай орта салмақ (69,9 кг), 6 раунд

Төрехан Сабырхан (Қазақстан, дебют) — 69,1 кг

Йиржи Хауке (Чехия, 4-6, 2 КО) — 70 кг

Жартылай орта салмақ, 6 раунд

Ақниет Әлімбай (Қазақстан, 2-0, 1 КО) — 70,30 кг

Йозеф Дубски (Чехия, 1-0, 1 КО) — 70,20 кг

Жартылай орта салмақ, 6 раунд

Әлішер Әбдуәлім (Қазақстан, 3-0, 2 КО) — 70 кг

Ашиш Чаудхари (Үндістан, 3-0, 0 КО) — 70,6 кг

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды