Жігіттеріміз рингте барын салып, елге абыроймен оралғымыз келеді – Мырзағали Айтжанов

Ол іріктеу жарыстары боксшыларға қиын соққанын айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 04.06.2024

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы бапкер Таиландтағы іріктеу турнирі аяқталған соң мәлімдеді. 

«Алға қойған жоспарымыздың бірі – Олимпиадаға толық құрамда бару еді. Сол ойымыз орындалды. Ендігі мақсат – жігіттеріміз рингте барын салып, елге абыроймен оралсақ деген ой. Мұхамедсабырдың жолдама алғанына өте қуаныштымын. Оған оңай болған жоқ.

Бапкердің айтуынша, екі іріктеу жарысы да жігіттерге қиын соқты.

Бангкоктегі турнирден соң да мықты деген боксшылар жолдамасыз қалды. Бокс бес құрлықта да дамып жатыр. Сондақтан, әрбір кездесу финалдық жекпе-жектен кем емес. Базарбайұлы алты кездесу өткізіп, лицензия алып отыр. Оған тек жарайсың дейміз, - дейді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан ерлер командасы толық құрамда өнер көрсетеді. Ал әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасында 3 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады