«Жүрекпен сөйлестік»: Еркін Нұржан кубалық боксшымен таныстығы жайлы айтты

Еркін Нұржан екі боксшының бір-біріне деген құрметіне ерекше риза болған.

Сабина Асқарқызы

  • 26.06.2024

Қазақстандық танымал әнші Еркін Нұржан кубалық аңыз боксшы Алексис Рубалькабамен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Еркін Нұржан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің үйіне қонаққа барған. Ділдәбеков сонымен қатар Шымкентке арнайы ат басын бұрған байырғы қарсыласы Рубалькабаны да қонақ қылыпты.

Түркістан облысында Алматаудың төрінде, абадандар арасында ағаларыма құрмет көрсетіп келіп қалдық. Кешкісін шаңырағында керемет сұхбат болды. Мұхтархан аға айтпақшы, тілін білмесек те жүрекпен сөйлестік. Сиднейде қазақтың намысын жыртқан Мұхтархан ағамыз және Алексис Рубалькабаның рингте қарсылас болғанымен, өмірдегі достықтары бір төбе екен. Мұхтархан аға, мен сіздің орныңызда болсам, «олимпиада жақсы ғой, бірақ денсаулық та керек» деп шықпай қалар ма едім. Батырсыз! – деп жазды әнші.

Фото: instagram.com/erkin_nurjanov_official

Байланысты жаналықтар

Мұхтархан Ділдәбековті жеңген атақты кубалық боксшы Шымкентке келді

24.06.2024
MalimBlocks
Мұхтархан Ділдәбековті жеңген атақты кубалық боксшы Шымкентке келді

Ол байырғы қарсыласын құшақ жая қарсы алды.