Мұхтархан Ділдәбековті жеңген атақты кубалық боксшы Шымкентке келді

Ол байырғы қарсыласын құшақ жая қарсы алды.

Сабина Асқарқызы

  • 24.06.2024

Сидней Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақтың ширек финалдық бәсекесінде Мұхтархан Ділдәбековпен кездескен Кубаның әйгілі боксшысы Алексис Рубалкаба Шымкентке келді, деп хабарлайды Malim.kz

Бокс ардагері «Алматау» базасында өтетін Мұхтархан Ділдәбеков атындағы турнирге құрметті қонақ ретінде қақтысады. 

2006-2007 жылдары туған жастар арасында өтетін ХІІ халықаралық турнирге келген Рубалкаба туралы видеоролик Қазақстан бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Онда Мұхтархан Ділдәбеков өзінің қарсыласын 24 жылдан кейін алғаш рет көріп тұрғанын айтып, төс қағысып амандасады.

Қос боксшы Сиднейдің жартылай финалға шығар жолында жұдырықтасып, жерлесіміз ұпай айырмасымен ұтқан болатын. Куба боксышсы Ділдәбековтен едәуір ірі әрі бойшаң еді. Соған қарамастан Ділдәбеков оны бір рет рингте сұлатып салған.

Алексис Рубалка – тоқсаныншы жылдар ортасында аты шыққан кубалық белгілі боксшысы. Ол Барселона Олимпиадасының чемпионы Роберто Баладо жол апатынан қайтыс болған соң елдің №1 боксшысы атанды. Алайда, Атланта Олимпиадасында Тонго боксшысына айғашқы айналымда ұтылды. Есесіне ол 1997 жылы Венгрияда өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, Грузия боксшысына есе жіберген. Сонымен бірге, Панамерика ойындарында жеңімпаз атанды. Ал Сиднейде ширек финалға дейін жетіп, жарысты аяқтады.

Фото: khabar.kz

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

09.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті