freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тасжолдардан қала көшелеріне дейін: ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Қоғам
Тасжолдардан қала көшелеріне дейін: ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқынды
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында биыл жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Орташа жөндеумен республикалық маңызы бар тасжолдар мен жергілікті жол желісін қоса алғанда, шамамен 630 шақырым көлік жолдары мен көшелер қамтылмақ.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, елді мекендер арасындағы және қала-аудандар ішіндегі жолдың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 94 пайызы нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Ал республикалық тасжолдардағы бұл көрсеткіш 87 пайызды құрайды.

Сонымен қатар республикалық жол желісінде «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» тасжолындағы Осинов асуын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта айналма жол салынып, жер жұмыстары мен Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жүргізілуде.

Өңірдегі негізгі бағыттарда да жөндеу жұмыстары қолға алынады. Атап айтқанда:

• «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары»,

• «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы»,

• «Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолдары.

Жергілікті жол желісінде де бірқатар жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Биыл Шығыс Қазақстандағы елді мекендерде 300 шақырымнан астам жол мен көшеге жөндеу жүргізіледі.

Өңірде ірі көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылысы да қатар жүріп жатыр. Олардың қатарында Өскемендегі жолайрық құрылысы, Шемонаиха ауданындағы Үбі өзені арқылы өтетін жаңа көпір жобасы, елді мекендердегі жол инфрақұрылымын дамыту және Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бар. Қазіргі уақытта Үбі өзені арқылы өтетін көпір жобасы дайын болып, конкурстық рәсімдер өткізілуде.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жол инфрақұрылымын жаңғырту өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыстар көлік қолжетімділігін арттырып, жол қауіпсіздігін күшейтуге және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу