Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысы Жуалы ауданы да акцияға белсенді қатысып жатыр

Қоғам
«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысы Жуалы ауданы да акцияға белсенді қатысып жатыр

Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясына орай Б.Момышұлы ауылы мен Қарасаз ауылдық округінде «Таза аула – таза көше» байқауы бастау алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тазалықты жанына серік еткен жуалылықтар санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысып жатыр.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу сенбілік шарасына барлық ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Байқауға Б.Момышұлы ауылы мен Қарасаз ауылдық округіне қарасты 90-нан аса көше мен 3500-ден аса аула және 18 мыңнан аса тұрғын қатысып жатыр. 

Байқау қорытындысы мамыр айында шығарылатын болады. 

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Фото: Жуалы ауданы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу