freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына қарсы арнайы топ құрды

Қоғам
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына қарсы арнайы топ құрды
ФОТО: ©kazpravda.kz

Қазақстанда ықтимал су тасқынымен күресу үшін 39 мыңнан астам адам мен 18 мың бірлік техникадан тұратын арнайы топ жасақталды.

Бұл туралы ТЖ министрі Шыңғыс Аринов республикалық жедел штаб отырысында мәлімдеді. Негізгі күш Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына шоғырландырылады.

Бұдан бөлек, ТЖМ резервінде 930 қызметкер мен арнайы қайықтар дайын тұр. Ел бойынша 1,4 миллион адамды қабылдай алатын 3 857 уақытша бекет әзірленді. Қазіргі уақытта мамандар 1 242 қауіпті елді мекендегі жағдайды тәулік бойы бақылап отыр. Барлық азаматтық қорғау қызметтері жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу