Қашаған жыраудың өмірі

Қашаған Күржіманұлы (1841–1929) Жырлары мен өлеңдері халық арасына кеңінен таралған, суырып салма ақын Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған ақын. 1929 жылы Маңғыстауда өмірден озған.

Malim Админ

  • 20.09.2024

Жалшы отбасында дүниеге келіп, әкеден жастайынан жетім қалып, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін тартқан. 15–16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. Ол 16–17 жасынан «ақын» атанған. Қашаған Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді мекендерде болып; Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман сынды ақын-күйшілермен кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.

Қашағанның шығармаларын өткен жарты ғасырға насихаттап, жеткізуге атсалысқан – Шамғұл Ыбырайымұлы, Айтқұл Шыманұлы, Жанжігіт Қосназаров, Атанғұл Сүйесінұлы, Дүйсенбай Оразымбетұлы, Мәулімберді Үдербайұлы, Ыбыр Досалиев, Құмар Жүсіпов, Ығылман Шөреков, Сұраубай Үттібайұлы, Өмір Көшекбайұлы, Назарбек Раев, Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсенбаев сияқты жыршы-термешілер болса, осылардан жазып алып қалған – Ізбасар Шыртанов, Қабиболла Сыдиықов ағаларымыздың қағазға хаттап кетуі арқылы біздің осы заманымыздың дәуіріне дейін жетіп отыр.

Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді.

Бірқатар шығармалары алғаш «Әдебиет майданы» журналында (1935, №5) жарияланды. Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараңбайларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға», т.б.), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптейді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны», т.б.), елдік пен ерлікті, халық мұратын жырлайды («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны»). «Атамекен», «Топан», «Адайтегі», «Әзіреті Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақын «Қырымның қырық батыры» деп аталатын жырларды ел арасына таратқан. Шығармалары «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (А., 1967), «Ақберген» (А., 1972), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (А., 1985), «Бес ғасыр жырлайды» (А., 1984, II т., 1989, II т.), «Қашаған Күржіманұлы: Топан» (А., 1991), «Алқаласа әлеумет» (А., 1991), «Жыр-дария» (Ақтау, 1995) жинақтарында жарық көрген. Қазақстан егемендік алғаннан кейін 1991 жылы арқалы ақынның 150 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті.

Жылма-жыл Қашаған күндері өткізіліп, жыр айтыстары болып тұрады. Қазіргі кезде Қашаған ақынның есімін дүние жүзі біледі.

Өйткені ақынның атымен аталатын Қашаған кен орны мұнай-газ көлемі мен қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың санатына кірді. Бүгінде «Қашаған» кен орнын игеріп, ел игілігіне жаратуда НКОК компаниясының орны ерекше. Қашаған Күржіманұлы – өз кезеңінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.

Қашаған – І. Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі. Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.

Байланысты жаналықтар

Қашаған жырау өлеңдері

21.09.2024

Мәделі Жүсіпқожаұлы өлеңдері

14.09.2024

Шортанбай Қанайұлының өлеңдері

12.09.2024

Есет би өлеңдері

10.09.2024

Шал ақын өлеңдері

09.09.2024

Доспамбет жырау толғаулары

05.09.2024
MalimBlocks
Қашаған жырау өлеңдері

Қашаған Күржіманұлы (1841–1929) Жырлары мен өлеңдері халық арасына кеңінен таралған, суырып салма ақын Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған ақын. 1929 жылы Маңғыстауда дүниеден озды. Оның көптеген жыр-дастандары кейінгі толқын ақындарының жырлауымен бізге жеткен.

Мәделі Жүсіпқожаұлы өлеңдері

Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888 ж.) – Қазақтың байтақ даласында көрнекті ақын әрі батыр атанған азаматтың бірі . Мәделінің кіндік қаны тамған жері қазіргі Түркістан облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам жері). Зерек, болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып, жан-жақты болып өседі. Қолына түскен кітаптарды көп оқып, мұсылманша оқыған білімі арқасында Құранды да оқып жатқа білетін болған. Кезінде кеңінен тараған шығыс әдебиеті, оның ішінде араб әдебиеті үлгілерінен, ертегі, дастан, қиссаларды көңіл қоя оқиды. Мәделінің өз заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де болған.

Шортанбай Қанайұлының өлеңдері

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) – 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын, өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер. Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда ақын 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан ауданының Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірінде 1881 жылы қайтыс болған. Ол «Зар заман ақындарының» ірі тұлғаларының бірі.

Есет би өлеңдері

Есет би ХVIII ғасыр соңы мен ХІХ ғасырдың бас шенінде жасаған, өлең сөзде замандастарына дес бермеген би, шешендігімен, ақындығымен көзге түскен. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға аумағында дүниеге келген.

Шал ақын өлеңдері

Шал ақын атанған Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi. Өзі де жорықтарға қатысқан. Шал ақын ел аңыздарын жинап, эпостар жазған.

Доспамбет жырау толғаулары

Доспамбет жырау (1490–1523) – жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты.