Қазақтың хас батыры – Бауыржан Момышұлы

Қазақстан Республикасының Халық хаһарманы, екінші дүниежүзілік соғысының даңқты ардагері, жазушы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы желтоқсанның 24-інде Жамбыл облысының Жуалы ауданы Көлбастау ауданында дүниеге келген. 1982 жылы маусымның 10-ы күні Алматыда қайтыс болды. Соғыста ерен еңбек көрсеткеніне қарамастан, оған көзі тірісінде «Кеңес одағының батыры» атағы берілмеді.

  • 14.09.2024

Ол ауылда жеті жылдық мектепті бітіргеннен соң, ауыл мектебінде біраз уақыт мұғалімдік қызмет атқарған. Мектепте жүріп әскери міндетін атқаруға шақырылады. Әскерден запастағы командир атағын алып, ауылына оралады. Неміс әскері Кеңес одағына басып кірген соң, қайтадан әскерге алынып, 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарып, соғыстағы тактикасымен, ерлігімен жау шебір талай мәрте бұзып шығады. Нақты айтар болсақ, 1941 жылы күзде өз батальонын 27 мәрте кескілескен ұрысқа бастап шығып, 5 рет қоршауды бұзып шығады. Оның өз әскерін аман сақтап қалғанына соғыс генералдары таңырқайды. Момышұлының соғыстағы жоспары мен жауды алдау, олардың назарын басқа жаққа аудару, сол арқылы қарсы қосынның ұрымтал тұсынан шабуылдау мәнеріне айналасы тәнті болып, атағы аспандай түседі. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің ерекшелігі есептеледі. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Бауыржан Момышұлы әкери педагогика мен әскери психологияны жақсы меңгерген қолбасшы болды. Оның атақ-даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Момышұлының соғыстағы тактикасы шетелдерде арнайы оқытылды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін шығармашылығы арқылы оқырманға ұсынды. Оның қаламынан туған тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Жазушының «Ұшқан ұя» романы қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларының біріне айналды.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын.

Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.

 

MalimBlocks
Бауыржан - шовинистік жүйенің құрбаны

Алаштың әруақты тұлғасы