freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысындағы қылмыс: кәмелетке толмаған қыз күдікті ретінде ұсталды

Оқиға
Түркістан облысындағы қылмыс: кәмелетке толмаған қыз күдікті ретінде ұсталды
Фото: pixabay

Түркістан облысында жас жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz «Алматы ТВ» телеарнасына сілтеме жасап.

Ленгір қаласындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен денесінде пышақ жарақаттары бар 21 жастағы азаматтың мәйіті табылған.

Бұл іске күдікті ретінде жақында ғана 9-сыныпты аяқтаған кәмелетке толмаған қыз танылған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта екі жастың арасында не болғаны және қылмыстың нақты себептері анықталып жатыр.

Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша кісі өлтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу