Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жайық өзені Атырау қаласының аумағында да төмендей бастады

Қоғам
Жайық өзені Атырау қаласының аумағында да төмендей бастады

Жайық өзенінің суы Атырау қаласының тұсында да төмендей бастағаны тіркеліп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысы жедел штабының мәліметінше, Жайық өзенінің деңгейі Индер мен Махамбет ауданында күн сайын төмендеп жатыр.

Бүгін, 3 маусымда таңертеңгі сағат 08:00-де Индербор кентіндегі гидробекетте өзен суы 6 сантиметрге төмендеген. Бұл кентте Жайық суының деңгейі 9 метр 29 сантиметр болды. Мұнда қауіпті шек – 845 сантиметр. Демек, қауіпті шектен әлі де 84 сантиметрге артық болып тұр.

Махамбет ауданында да Жайық арнасы бірнеше күн қатарынан төмендеп келеді.

Бүгін су деңгейі 5 сантиметр азайды. Қазір Махамбет ауылының тұсында 10 метр 6 сантиметр болды.

Жайық өзені Атырау қаласының аумағында да төмендей бастады. Мұнда бірнеше күн 6 метр деңгейінде сақталып тұрды. Өзен арнасы 1 маусымда кешкі мезгілден бері төмендегені байқалды.

Қазір мұнайлы шаһардағы гидробекеттегі су деңгейі – 5 метр 97 сантиметр.

Сондай-ақ Жаңаталап және Еркінқала ауылдарында Жайық өзені көтерілген жоқ.

Фото: облыстық жедел штаб

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу