1,6 миллиард теңге жымқырғандар сотталды

Malim Админ

  • 11.12.2020

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 соты Нұр-Сұлтан әуежайынан миллиард теңгеден аса қаржы жымқырғандарға шешім шығарды. Бұрынғы бас бухгалтер және өзге де «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері 1,6 миллиард теңге жымқырғандары расталып, кінәлі деп танылды.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ-тың бұрынғы басшысы Рәділбек Әлимолда қызметіне селқос қараған деп айыпталды. Оның қылмысқа қатысы жоқ деген шешім шықты.

Әуежайдың бұрынғы бас бухгалтері Әлия Бабашева 11 жылға бас бостандығынан, өмір бақи мемлекеттік қызмет істеу құқығынан айырылды.

Тағы алты адамды бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Біреуі 8 жыл, қалғандары 7 жыл мерзім алды. Олар қаржы саласында, материалдық құндылықтар айналымында 10 жылға дейін қызмет ете алмайды.

Сотталғандардың дүние-мүлкі – пәтерлері, үйлері, жер телімдері, жалпы соммасы 312 миллион теңге болатын 5 автокөлігі тәркіленіп, келтірген шығынды өтеуге пайдаланылады.

Сот үкімі күшіне енді.

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы