Ресей кешірім сұрамаса, Еуразиялық одақтан шығу керек

Олжас Қасым

  • 13.12.2020

Ресей Федерациясы бізбен одақтас па, әлде жау ма? Соңғы кезде дұшпан сынды жаулығын көрсетіп жүр. Ресей Думасынан кешірім сұрауды талап ету керек. Егер кешірім сұрамаса  еуразиялық экономикалық одақтан шығу керек. Бұндай пікірді экс-депутат Нұржан ӘЛТАЕВ фейсбук парақшасында білдірді.

« Түнде Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің қақпасына «Солтүстік Қазақстан – орыстың жері» деп жазылған баннер ілінді. Біріншіден, тек Ресей ғана ресми тұрғыдан осындай сөздерді айтады. Олар біздің одақтасымыз. Бірақ соңғы кезде дұшпан сынды жаулығын көрсетіп жүр. Біздің биліктің позициясынан ресми Мәскеу әлі күнге дейін Қазақстанға өз колониясы сияқты қарайды. Бұл Никонов, Жириновскийдің жеке пікірі деп қарамау керек. Мен Ресей Думасынан кешірім сұрауды талап ету керектігін ұсынамын. Егер кешірім сұрамаса Еуразиялық одақтан шығу керек», - деп жазды экс-депутат Әлтаев.

Сондай-ақ, Әлтаев Ресейдің шовенистік телеарналарына тыйым салу керектігін айтты.

11 желтоқсан күні Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің қақпасына сандырақ сөз жазылған баннер ілінген болатын.  «ОВД-Инфо» басылымының хабарлауынша, бұл іс бойынша «Патриот» қозғалысының мүшесі Антон атты азамат ұсталған.

Ал келесі күні «Большая игра» бағдарламасында Дума депутаты Вячислав НИКОНОВ: «Қазақстан деген болған емес, Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Олар [қазақтар] болды әйтеуір, бірақ, оңтүстікке қарай өмір сүрді. Яғни, айналып келгенде, Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы. Орталық азия елдерінде де осындай жағдайаттар бар»,- деген еді.

Бұндай мәлімдемені ресейлік саясаткерлер бірінші рет жасап отырған жоқ. Эдуард ЛИМОНОВ, Владимир ЖИРИНОВСКИЙ да «солтүстік Қазақстан облыстары орыс жері» деген сөзді айтқан.  Ал 2014 жылы бүкілресейлік «Селигер-2014» жастар форумында Ресей басшысы  Владимир ПУТИН «президент Назарбаевқа дейін Қазақстанда шекара болған емес» деген еді.

Коллаж:  malim.kz

Байланысты жаналықтар

Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

19.05.2025

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Абайда қанша мал болған?

19.05.2025

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

19.05.2025
MalimBlocks
Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Абайда қанша мал болған?

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды