Кәсіподақтар федерациясы жұмысшыларға не береді?

  • 06.02.2020
  • Malim Админ

Жуырда ғана Кәсіптік одақтар федерациясының қатарына «Қазкөміркәсіподағы» көмір өндірушілер кәсіподағының 15 жұмысшысы өтті. Бұл әрине ең бірінші қарапайым кеншілер құқығын, еңбек шарттарының бұзылмауы үшін жасалған қадам деп айтуға болады.

«Кәсіподақтар федерациясы еңбекерлердің құқығын қорғап, жұмыстағы жемісті еңбегіне мұрындық болып отырған ұйым. Қашанда олардың қамқорлығын сезінеміз. Кәсіподақтар федерациясы шахтерлардың кез-келген проблемасын шешуде барын салып келе жатыр. Бүгін жаңа мүшелермен олығуы соның бір айқын көрінісі деп айлаймын», - деді «Қазкөміркәсіподағы» төрағасы Марат МИРГАЯЗОВ.

Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы ТОҒЖАНОВ жаңа мүшелердің еңбегіне табыс тілеп, басты мақсат жұмысшылардың жағдайын жасау деді.

«Біздің федерацияның негізі принцепі – қатарымыздағы ұйымдар мен кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мүдесіне қорған болу. Еңбек құқықтары мен мүделерін қорғап, кез-келген мәселеде жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында дәнекер болып, еңбекші қауымның жұмысын жеңілдету», - деді Кәсіптік одақ федерациясының төрағасы Ералы мырза Тоғжанов.

Сонымен қатар, бүгінгі келелі бас қосуда бас кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының ақпараттық саясатының жаңа концепциясын да қабылдап тастады. Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының Медиа – орталық директоры Гүлмира ҚАРАКӨЗОВА түрлі кәсіподақ ұйымдарымен байланыс және қоғамға өз жұмысымызды көрсету жағын қолға аламыз дейді. Әрине, тиісті ақпараттардың жұмысшыларға жеткізу жағы да жаңа концепциядан табуға болады. Және кез-келген кәсіорындағы дауға қатысты мобильді түрде үн қату.

Бір ғана мысал 2020 жылдың 21 қаңтар күнгі Жезқазған қаласында «Қазақмыс Корпорациясында» болған қайғылы жағдай. «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай  ТӘЖБЕНОВ офиста «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бас директоры Амангелді МІНІҒҰЛОВТЫ және аталған компанияның тағы бір өкілі Сабыржан ТЕМБАЕВТЫ пышақтаған. Артынша өзіне қол жұмсады.

Ақпараттық технологиялар дамыған тұста әлеуметтік желілер мен мобильді телефон арқылы түрлі ақапараттың ел ішін кезіп кеткені бар. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдары әр қиылы ақпараттар таратты. Осындай жағдайда енді Кәсіптік одақ федерациясы жедел әрі нақты ақпаратты бұқараға жеткізу жағын күшейтпек.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Кәсіптік одақ федерациясына мүше болып табылатын барлық ұйымдарды еңбек сферасында жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды түсіндіру тұрғысынан  концепцияның дер кезінде қабылданғанын жеткізді. Яғни еңбек саласындағы үкіметтің қабылдаған жаңа заңдары сынды маңызды жаңалықтардың жаршысы болмақ.

«Әрбір біздің мүшеміз өз жұмысына қатысты кез-келген ақпараттың білуі тиіс. Себебі жұмыс әрбір адамның отбасының әлеуметтік жағдайы, тірлігі. Және де өз құқығының заң аясында қалай қорғалып жатқанын және қалай қорғалатының білу керек қой. Кәсіподақтар комерциялық ұйым емес. Біз бірінші кезекте жұмысышларға ең жақын ұйымбыз», - деді Кәсіптік одақ федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов.

Айтпақшы, Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақ федерациясы Бас кеңесінде бір қатар кадрлық мәселелер шешілді. Яғни жаңа кеңес мүшелері сайланды. Олар: ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан ӨТЕШЕВ, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрайымы Айгүл МҰҚАШЕВА, Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Мержан ТҰМАНОВ, сондай-ақ ҚРКФ «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасы Дария ХАМИТЖАНОВА.

Бақытжан БЕРІКҰЛЫ

Фото: currenttime.tv

Байланысты жаналықтар

Мемлекет спорт кешендерін ұстай алмай отыр ма?

15.05.2020

Министр Сұлтанов картоп іздеп көрші елдерге кетті

23.06.2021

Алматы облысында Назарбаевтың бағдарламасы жүзеге аспай жатыр

22.06.2020

42 500 алуға қайта өтініш беруге болады

25.05.2020

Есірткі есіңді алады

30.03.2020

Қарағанды коронавирусқа қарамай дамыпты

03.11.2020