Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жәрдемақылар тағайындалады

Арман Қайыпхан

  • 18.02.2025

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» МК кенішіндегі ТЖ салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаза болған әрбір кеншінің асырауында балалары болғанын ескере отырып, олардың отбасыларына асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері қайтыс болған асыраушысының асырауындағы адамдардың санына және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.

Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі баласы бар жұмыссыз үш анаға да тағайындалады.

Қаза тапқан кеншілердің барлығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болғандықтан, олардың отбасына мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

Осылайша, асырауындағы бір адам үшін бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшері 42 530 теңгені, ал МӘСҚ-дан төленетін төлемдер – 141 523 теңгені, асырауында бес адам болса, жәрдемақы мөлшері 127 127 теңгені және МӘСҚ-дан төленетін төлемдер – 335 017 теңгені құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлемдер балалары 18 жасқа толғанға дейін, ал олар жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда – 23 жасқа дейін төленеді.

Сондай-ақ қаза тапқан кеншілер отбасыларының барлығы «БЖЗҚ» АҚ-дан 369 608 теңге (94 АЕК) мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға құқылы.

Сонымен қатар жұмыс беруші компания қаза тапқандардың отбасыларына ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмекті көрсетеді:

  • Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін 550 АЕК мөлшерінде төлемдер (2 162 600 тг);
  • Қайтыс болған адамның отбасына жылдық орташа жалақының 10 еселенген мөлшерінде төлем. Орташа алғанда бұл – 84 млн-нан 124 млн теңгеге дейін;
  • Асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдер;
  • Балалардың оқу ақысын төлеу;
  • Қаза тапқан жұмысшылардың несиелері мен қарыздарын өтеу.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды