Мемлекет басшысы Қостанайдағы шойын құю зауытына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды.

Malim Админ

  • 10.09.2024

Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан. Президент жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысына жобаға Қазақстанның инженерлері мен технологтары атсалысып жатқаны баяндалды. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі тәжірибелі инжиниринг компанияларының сарапшылары мен еуропалық машина жасаушылар тартылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа шойын қорыту және қалыпқа құю, сондай-ақ бұйымды өңдеу секілді жұмыстардың толық процесі көрсетілді. Зауыт барлық заманауи талапқа сай келеді. Автоматтандыру және энергиялық тиімділік деңгейі жоғары болғандықтан, қоршаған ортаға әсері аз. Қазіргі уақытта мұнда 30 робот бар. Олар анағұрлым күрделі әрі ауыр технологиялық операцияларды орындайды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

28.03.2025

Қостанай облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

24.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті

Қостанай облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Ер адам қалаға танымал кәсіпкер екені, қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін делінген.