Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды

  • 30.12.2020
  • Malim Админ

Қазақстандық олигарх Ғалымжан ЕСЕНОВ Jýsan-банктің 20% жуық акциясын сатып алды. Бұл туралы Malim.kz «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«АТФ банктің бұрынғы акционері Ғалымжан Есенов  Jýsan банктің ірі акционері атанды. Ол банктің 19,97% акциясын сатып алған. Сатып алу жөніндегі екі жақты келісімді  ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдаған», - делінген хабарламада.

2019 жылы Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВТЫҢ иелігінде болған  «Цеснабанк» Jýsan банк болып аты өзгерген еді. 38 жастағы олигарх Ғалымжан Есенов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімовтің күйеу баласы. 2007 жылы Айжан АХМЕТЖАНҚЫЗЫНА үйленген болатын.

Форбс журналының жазуынша, Қазақстандағы ең ықпалды 50-бизнесменнің тізіміне кірген.

Фото ғаламтордан алынды.

Байланысты жаналықтар

Нұр-Сұлтанда Наурыз мейрамын мерекелеу игі істерге арналады

17.03.2021

Цой: Наурызда коронавирус өршиді

19.01.2021

Нұр-Сұлтан жабық қалаға айнала ма?

17.03.2020

Енді Үндістандағы жарқанаттардан қауіпті вирус табылған

28.06.2021

Біртанов министрлігі пропагандадан бас тартпайды

02.06.2020

Қазақстандықтар кез келген гаджеттен  сотқа өтініш бере алады

06.04.2020