Астана әкімдігі Әділбек Жақсыбековпен қатысы бар автортұрақ компаниясымен жасалған келісімді қайта қарастырып жатыр

Malim Админ

  • 17.02.2025

Бас қала әкімдігі «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясымен жасалған келісімді қайта қарау мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл компания Астананың экс-әкімі Әділбек Жақсыбековпен қатысы бар, деп хабарлайды КазТАГ агенттіктің тілшісі.

Агенттік сұрағына «Бұл мәселе қаралуда», - деп хабарлаған Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Атап айтқанда, сұрақ төмендегідей қойылған: «Астанадағы ақылы автотұрақтар жеке компанияның қарамағына берілу жағдайы қайта қаралмақшы ма, «иә» болса қашан, «жоқ» болса неге?»

Бұған дейін «Азаттық радиосы» «Астанадағы ақылы тұрақтар: миллиардтар экс-шенеунікке кетіп жатыр ма?» деген мақаласында: «Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Әділбек Жақсыбековпен байланысты «Астана тұрақ кеңісмтігі» компаниясы қала әкімдігімен 20 жылдық келісімшарт жасап, қаладағы 10 мың тұрақ орнының маңайын жалға алып, олардың пайдалануынан түскен табыстың 75 пайызын алады. Қызықтысы, жер учаскелерін жеке компанияға беру заңсыз деп танылғанымен, бұл шешім кейін жойылған».

КазТАГ осы жарияланымға байланысты Астана әкімдігіне былай деп сұрақ жолдаған: «Сонымен қатар Алматыдағы көрсеткіштік мысал белгілі, 2022 жылы Кайрат Боранбаевпен қатысы бар компаниялар бақылайтын ақылы тұрақтар қаланың меншігіне қайтарылған болатын. Енді ақылы тұрақтардан түскен барлық табыс тікелей қала бюджетін толықтыруда. Алматының ақылы тұрақтарын коммуналдық меншікке беру қала басқаруындағы ашықтықты арттыру, қала бюджетінен түсетін табысты көбейту және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған».

Осыдан басқа КазТАГ тағы екі сұрақ қойды:

Астана қаласында мемлекеттік жер учаскелері қандай негізде жеке компанияның пайдалануына беріледі?

Неліктен Астана әкімдігі Алматының тәжірибесі бойынша ақылы тұрақтардан тікелей табыс алу үшін оларды коммуналдық меншікке қайтаруға тырыспайды да, тек 25%-ын алады, ал табыстың 75%-ын жеке компанияға береді?

Қала билігі бірінші сұраққа «Ақылы тұрақ орындарына арналған жер учаскелері уақытша тегін жер пайдалану құқығымен Астана әкімдігіне тиесілі және жол жиегіне жақын орналасқан. Жер учаскелерінің мақсаты – автотұрақ орындарын орналастыру және оны абаттандыру», - деп жауап берді.

Екінші сұраққа жоба іске қосылғаннан бастап бюджетке 6 миллиард теңге түскенін, бұл жоба табысының 90%-ын құрайтынын айтты.

«Жеке серіктестің табысы жалпы табыстың 10%-ын құрайды. Тұрақтарға төлем төлемегендерге салынатын айыппұлдардан түскен барлық қаражат жергілікті атқарушы органға түседі. Жоба шарттарына сәйкес, ақылы тұрақтар тек жеке серіктес есебінен қаржыландырылады, ал әкімдік жобаның қаржылық міндеттемелерін көтермейді. Жеке серіктес ақылы тұрақтарды пайдалану, оның ішінде: жол белгілерін орнату және жыл сайын жаңарту, көше жолақтарын белгілеу, тұрақтардың күтімін қамтамасыз ету, фото- және бейнемониторинг жүргізу, ақылы тұрақ үшін қаражат жинау, бағдарламалық кешендерді әзірлеу және техникалық қызмет көрсету, төлем қабылдау жүйесін (паркоматты) сатып алу және күтіп ұстау, сәйкес қызметтерді, техникалық персонал мен пайдаланушыларды қолдау қызметтерін қамтамасыз ету үшін табысын жұмсайды», - деп жауап берді қала әкімдігі.

Фото: КазТАГ

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

13.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

Астанадағы Алматы көшесі жабылды