Зейнеткер Жақсыбековке жаңа қызмет бұйырды

Malim Админ

  • 09.11.2020

Әділбек Жақсыбеков «ҚазТрансГаз» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны хабарланды. Бұрын бұл қызметті Қайрат Шәріпбаев жеке дара атқарған болатын. "ҚазТрансГаз" компаниясының хабарлауынша, Қайрат Шәріпбаев осы компанияның басқарма төрағасы лауызымында қалып, "ҚазМұнайГаз" компаниясының тасымалдау және газ маркетингі басқарма басшысының орынбасары қызметін қатар атқаратынын хабарлады.  Ашық ақпарат көздеріндегі деректерге қарағанда Қайрат Шәріпбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.

Ал осыдан екі жыл бұрын зейнетке шыққан Әділбек Жақсыбеков ұзақ жылдар бойы Н.Назарбаевқа ең жақын шенеунік болды. Астана қаласына екі мәрте әкім, индустрия және сауда министрі, қорғаныс министрі,  президент әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды. Ә.Жақсыбеков тің отбасы ұзақ жылдары «Цеснабанк" корпорациясына иелік етті. Алайда, Әділбек Жақсыбековтің саяси мансабы аяқталар шақта «Цеснабанк» қожайыны ауысып, бұл банктің атауы кейіннен «Жусан» болып өзгерді.

Соңғы жылдары Қайрат Шәріпбаев пен Әділбек Жақсыбековтің есімдері марқұм Айсұлтан Назарбаевтың дерегі нақтыланбаған шулы мәлімдемелерінде жиі аталды.

Байланысты жаналықтар

Халықты тыңдағысы келмейтін әкім: "Сен сайлаған жоқсың мені!"

26.04.2021

Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды

30.12.2020
MalimBlocks
Халықты тыңдағысы келмейтін әкім: "Сен сайлаған жоқсың мені!"

Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды