Пропагандистер көшеге шыққандар мен қар атқандарды «бандит» дей бастайды

Олжас Қасым

  • 24.01.2021

Кеше күллі Ресей даласын көтеріліске шығарған күн болды. Үш мыңның үстінде адам ұсталды. Ірі қалалардың бәрінде көтеріліс болды. Алексей Навальныйды бостандыққа шығар деген халықтың қарсылығы жалпы ұлттық қарсылыққа ұласқандай болды. Сіздерге осы митингтерге қатысты саясаттанушы Максим Шевченконың пікірлерін ұсынамыз.

Оқи отырыңыз: Навальныйдың жақтастары полицейлерді қармен атқылап тастады (видео)

"Бүгін Ресейде қор болған және қорланған елдің Ашу күні.

Ірі қалаларда болып жатқан оқиғаларды шетел барлаушыларының ісіғ сахналанған деуге бола ма? Жоқ! Халық булығып тұр. Көзі ашылды, көрді. Биліктің ұятсыздықпен жиған байлығын, халықтың қоңыз терген кедейлігін.

Халықтың әлеуметтік мұқтаждығының, зейнетақы қорының тоналуының, экномикалық әрі ғылыми кенжелеудің фонында сарайлар мен балыққа шылқыған биліктің өмірі тұр. Алексей Навальный сол ашудың білтесін жақты. Соңғы уақытта шегіне жеткен билікті әшекере етіп, әлеуметтік, саяси қарсылықтың символына айналды.

Шындық үшін күрес – Навальный мен сол сияқтылардың бостандығы үшін күрес.

Демократиялық сайлау үшін күрес!

Халықты қанайтын емес, халқына алаңдайтын мемлекет үшін күрес!

Жақсылық пен жақсы өмір үшін күрес!"

***

"Жалпы, әрине, сезімнің стихиялы жайылуына жол бермеу керек. Бірақ...

Халықтық қарсылық – бейбіт, конституцияға сай, әбден заңды. Номенклатураға деген инстинкті, терең жеккөрушілік түсінікті. «Бостандыққа ұмтылған от барда, жүректің әділдікті аңсаған өрті барда» өз құқымыз үшін күресті тоқтатпау керекпіз, бұл да түсінікті. Халықтық қарсылық «тәртіппен», «ақ қолғаппен» болмайтыны анық. Қарсылықтың негізі – әділетсіз билік, қарулы күштердің езгісі.

Езгідегі көп адамдар саясат пен экономикаға конституциялық, демократиялық тұрғыда әсер ете алмайды.

Енді биліктің пропагандасымен айналысатындар көшеге шыққандар мен қар атқылағандарды «бандиттер» деп атай бастайды.

Халықты осы жағдайға жеткізгендер, зәулім сарай салғандар, халықты тонағандар – бандиттер.

Ал халыққа керегі тек бостандық пен әділдік.

Бұған заңмен жол бермесек, стихиялы ашуға ұласады".

Оқи отырыңыз: Ресейдегі митинг: Екі мыңға жуық адам ұсталды

Байланысты жаналықтар

Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

21.04.2021

500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

24.03.2021

Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

02.02.2021

Мәскеуде Навальныйдың соты басталды

02.02.2021

Навальныйдың жақтастары полицейлерді қармен атқылап тастады (видео)

23.01.2021

Мәскеуге оралған Навальныйды полицейлер ұстады

17.01.2021
MalimBlocks
Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

Мәскеуде Навальныйдың соты басталды

Навальныйдың жақтастары полицейлерді қармен атқылап тастады (видео)

Мәскеуге оралған Навальныйды полицейлер ұстады