The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

Басылым оппозиялық саясаткердің өліміне қатысты жүздеген ресми құжаттарға қол жеткізгенін хабарлады

Мадина Қайнарова

  • 30.09.2024

The Insider басылымы Алексей Навальныйдың қазасына қатысты ресми құжаттарға қол жеткізіп, ресейлік оппозицияның көшбасшысына түрмеде у берілуі мүмкін деген мәлімдеме жасады.

Басылым оппозиялық саясаткердің өліміне қатысты жүздеген ресми құжаттарға қол жеткізгенін хабарлады. Алексей Навальный 2024 жылы ақпанда Ямало-Ненецк автономиялық округінде «Полярный волк» түзеу колониясында қайтыс болған. Құжаттардың ішінде оның өлімінің фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан қаулының екі нұсқасы бар. The Insider мәлімдегендей, құжаттың соңғы нұсқасынан Навальныйдың уланған болуы мүмкін екенін көрсететін белгілер туралы мәліметтер алынып тасталған.

The Insider қаулының екі нұсқасын да жариялады (олар 2024 жылдың 26 шілдесінде шыққан) және оларды салыстырды. Алдыңғы нұсқада Навальныйдың 16 ақпанда іші ауырып, құсқаны және денесі құрысып, артынан есінен танып қалғаны көрсетілген. Ал кейін  жарияланған қаулының редакцияланған нұсқасында бұл белгілер туралы айтылмайды. Басылымның қолында Навальный қайтыс болғаннан кейін алынған объектілердің тізімі бар, онда да улану белгілерін дәлелдейтін деректер көрсетілген екен.

- Оппозиционердің жұбайы Юлия Навальная бұған дейін де өлер алдында күйеуі ішінің қатты ауырғанына шағымданды деп айтқан болатын.  Бұрын жарияланған ресми құжаттарда Навальныйдың өлімі - гипертонияның және басқа аурулардың өршуінің нәтижесі , ал өлімнің тікелей себебі «жүрек жұмысының бұзылуынан» болды делінген. The Insider сауалнамасына қатысқан дәрігерлер бұл нұсқаны растамайды, керісінше, Навальныйдың «Новичок» сияқты фосфорорганикалық заттармен уланған болуы мүмкін екенін айтып отыр. Навальный 2020 жылы осындай затпен уланғаннан кейін аман қалған болатын, - деп мәлімдеді The Insider басылымының шеф-редакторы Роман Доброхотов БАҚ-қа берген сұхбатында.

Навальныйдың серіктестері оның Ресей билігінің бұйрығымен өлтірілуі мүмкін екенін айтып жүр. The Insider-дің хабарлауынша, қазір бұл нұсқаның құжат түрінде дәлелі бар. Бірақ басылым жарияланған құжаттардың қайдан шыққанын жазбады. Ал Ресей билігі бұған қатысты әлі түсініктеме бермей отыр.

Айта кетсек, Алексей Навальный 2020 жылы уланып, аман қалған. Біраз уақыт комада жатып, кейін Германияда ем қабылдады. Сол кезде мамандар оның ағзасынан «Новичок» деп аталатын улы затты тауып алған болатын. Навальный өзінің Кремльдің бұйрығымен уланғанын айтты. Бірақ  серіктестерімен бірге жүргізген тергеу барысында бұған Федералды қауіпсіздік қызметінің қатысы бар екенін анықтады. Ресей билігі улау фактісін жоққа шығарғанымен, Навальныйды батыс тың барлау агенттіктері улауы мүмкін деген болжам жасады. 2021 жылдың қаңтарында Навальный емделгеннен кейін Ресейге оралып, дереу қамауға алынған еді.

Дереккөз: golosameriki.com

Фото: rufabula.com

Байланысты жаналықтар

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

02.04.2025

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

02.04.2025

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

01.04.2025

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

28.03.2025

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған ресейліктер саны 87 мыңға жетті

28.03.2025

Ресейде бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық ұсталды

27.03.2025
MalimBlocks
Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

Украина мәліметінше, Ресей жағында 600-ден астам Қазақстан азаматы соғысып жүр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл деректердің дәлдігін растаған жоқ

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының ресейлік компанияға сатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған ресейліктер саны 87 мыңға жетті

Ресейде бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық ұсталды

Ресейдің Красноярск өлкесі Шарыпово қаласында қазақстандық ер адам бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінді