Ресейде Алексей Навальныйдың адвокаттары сотталды

Редактор Редактор

  • 17.01.2025

Ресейдің оппозициялық саясаткері, Ресей түрмесінде белгісіз жағдайда қайтыс болған Алексей Навальныйдың үш адвокаты – Вадим Кобзев, Алексей Липцер және Игорь Сергунин экстремистік қауымдастыққа қатысу ісі бойынша 3,5-тен 5,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Оларға үш жыл бойы адвокаттық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сот үкімі Владимир облысындағы Петушин аудандық сотында шығарылды. Бұл туралы ВВС-ға сілтеп, www.malim.kz сайты хабарлады.

 «Медиазона» (Ресейде «шетелдік агент» ретінде тіркелген ұйым) сот залынан онлайн көрсетілім таратты, үкім оқылған соң адвокаттарды қолдауға келгендер: «Жігіттер, сіздер батырсыздар! Біз сіздермен мақтанамыз, сіздер Ресейдің ең жақсы адамдарысыздар!» деп айқайлап жатты.

Адвокаттар өздерінің заңгерлік көмек көрсеткендерін, саяси қызметпен айналыспағандарын айтты. Бірақ оларды заңсыз тыңдау жүргізді және адвокаттық құпияны бұзды деп айыптады. Вадим Кобзев пен Алексей Липцер үкімге қарсы сотқа апелляциялық шағым беруді жоспарлап отыр.

Үкімді Навальныйдың адвокаттарының өкілдері мен жақтастары қатты сынға алды. Навальныйдың бұрынғы адвокаты Ольга Михайлова үкімді «құқықтық нонсенс» деп атады.

Фото: РБК

Байланысты жаналықтар

Путинді қолдайтын Полунин Ресейден кететінін мәлімдеді

18.12.2024

Генерал Кирилловты Украинаның қауіпсіздік қызметі өлтірген

18.12.2024

The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

30.09.2024

Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

21.04.2021

500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

24.03.2021

Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

02.02.2021
MalimBlocks
Путинді қолдайтын Полунин Ресейден кететінін мәлімдеді

Генерал Кирилловты Украинаның қауіпсіздік қызметі өлтірген

The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

Басылым оппозиялық саясаткердің өліміне қатысты жүздеген ресми құжаттарға қол жеткізгенін хабарлады

Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды