Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

Malim Админ

  • 21.04.2021

Мәскеуде жалпы халықтық митинг қарсаңында жемқорлықпен күрес қорының заңгері Любовь Соболь ұсталды. Бұл жөнінде оның адвокаты Владимир Воронин хабарлады.

«Менттер «ұстау» жоспарын істке қосты және Любовь Собольді «Автозаводская» метро станциясының жанында таксиде отырған жерінен ұстап әкетті», - деп жазды Воронин Tвиттер парақшасында.

Любовь Соболь «Дождь» телеарнасына ұстауға көп полиция қызметкері қатысқанын және өзін қайда әкетіп жата жатқанын білмейтінін айтқан.

Мәскеуден бөлек, Санкт-Петербург, Қорған, Нижний-Новгород және Ростов-на-Дону қалаларында Навальныйдың жақтастары ұсталғаны хабарланды.

Бұған дейін оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары 21 сәуірде Мәскеу мен Ресейдің өзге де қалаларында «Навальныйға бостандық!» атты жалпы халықтық митинг өтетінін хабарлаған. Дәл осы күні ел президенті Владимир Путин Федералдық кеңеске жолдау жасайды деп жоспарлануда.

Алексей Навальный қаңтар айынан бері қамауда отыр. Оны Мәскеудің Симонов аудандық соты 2013 жылы болған «Ив Роше ісі» бойынша кінәлі деп танып, шартты жаза ережелерін орындамады деген желеумен түрме жазасына кескен. Навальныйдың өзі және жақтастары істің саяси астары бар деп есептейді.

Ақпан айында Ресейдің 180 қаласында Алексей Навальныйдың жақтастары митинг өткізген. Наразылық акциясы кезінде полиция 12 мың адамды ұстаған.

Байланысты жаналықтар

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

09.05.2025

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

08.05.2025

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

08.05.2025

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

08.05.2025

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге аттанды

26.04.2025
MalimBlocks
Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге аттанды