Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

Malim Админ

  • 02.02.2021

Мәскеудегі сот "Ив Роше" ісі бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың  шартты жазасын түрме жазасына ауыстыру туралы шешім шығарды.

Cот Навальныйдың 3,5 жыл шартты жазасын түрме жазасына ауыстыруға  үкім етті.  Бірақ судья Навальныйдың тергеу кезінде үйқамақта отырған мерзімін есепке алды. "Ив Роше" ісі 2014 жылы қаралғандықтан, сол уақытта үйқамақтағы бір күн колониядағы бір күнге теңестірілді. Осылайша Навальныйдың шартты жазасы 2 жыл 8 айға түрме жазасына ауыстырылып, сот Навальный жазаны жалпы режимдегі колонияда өтейді деген шешім шығарды.

Бұған дейін Қылмыстық жазаны атқару федералды қызметі саясаткерді «шартты жаза тәртібін бұзды» деп айыптап, сотқа шағымданған.  Навальный сотта бұл уақытта Германияда емделіп жатқанын айтқанымен, судья оны назарға алмады. Навальный Ресейге келмей тұрғанда бұл іс бойынша жаза мерзімі 30 желтоқсан күні аяқталды деп мәлімдеген.

Сотқа Еуропаның 20 шақты мемлекетінің дипломаттары қатысты. Сотқа Навальныйды қолдауға келген 350 жақтасы ұсталды.

Навальный мен оның адвокаты он күн ішінде апелляциялық арыз түсіре алады.

Алексей Навальный Германиядан Ресейге 17 қаңтарда қайтып оралған. Ол “Навичокпен” уланғаннан кейін бірнеше ай Берлинде ем алған. Оны полиция Мәскеу әуежайында ұстап, кейіннен саясаткер сот шешімімен 30 күнге қамалған. Алексей Навальный қамалғанан кейін, Жемқорлықпен күрес фонды «Дворец для Путина» зерттеу фильмін жариялаған. Оны бір аптаның ішінде 100 миллионнан аса адам көрген.

Навальныйдың жақтастары қаңтардың 23-і мен 31-і күндері жаппай наразылық акциясына шыққан. Жергілікті БАҚ мәліметінше, митингтер Ресейдің 120-ға жуық қаласында болған. Полиция мен арнайы жасақ мыңдаған адамды ұстаған.

"Ив Роше" ісі 2012 жылы басталды. Ресейдің тергеу комитеті "Ив Роше Восток" компаниясының бас директоры Бруно Лепрудің арызы бойынша Алексей Навальный мен оның ағасы Олег Навальныйдың үстінен іс қозғады. Тергеу Навальныйлар "Главподписка" компаниясы арқылы "Ив Рошеге" қызмет көрсетіп, 55 миллион доллар шығын келтірді деген айып тақты. Кейін "Ив Роше" арызынан бас тартып, Навальныйлар ешқандай шығын келтірмегенін мәлімдеді. Сот Алексей Навальныйды 3,5 жылға шартты жазаға, Олег Навальныйды 3,5 жылға түрме жазасына кескен болатын.

2017 жылы Алексей Навальный бұл іс бойынша Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына шағым түсірді. Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сот үкімді негізсіз деп тауып, Навальныйларға Ресей 76 мың еуро және 460 мың рубль өтемақы төлеуі керек деген шешім шығарды.

Байланысты жаналықтар

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

09.11.2023

Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

09.10.2023

Ресей министрі қырғыз тіліне қарсылық көрсетті

24.07.2023

Вагнер жалдамалы әскері Батысқа барғысы келеді

24.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023
MalimBlocks
Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Бүгін Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды.

Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров келесі жылдың наурыз айына белгіленген Ресей президенті сайлауын өткізбеуге шақырды. Бұл ойын ол Грозный орталығында Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне арналған шарада айтқан.

Ресей министрі қырғыз тіліне қарсылық көрсетті

Ресейдің сыртқы істер министрі: «достарымызға қырғыз тілін міндеттеу демократияға сай еместігін» ескерткенбіз. 

Вагнер жалдамалы әскері Батысқа барғысы келеді

Беларусь басшысы Пригожиннің жалдамалы әскері Варшаваға «қыдырып» барғысы келетінін хабарлады. 

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды