500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

Malim Админ

  • 24.03.2021

Түрмеде жатқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары митинг өткізбек.

Навальныйдың сайтында жарияланған «Навальныйды қалай босатамыз. Біздің жоспарымыз» деп аталатын мәлімдемеде саясаткердің жақтастары Леонид Волков, Мария Певчих және Иван Жданов халықты бейбіт митингке шақырды.

Онда олар наразылыққа шығатын халықтың саны 500 мыңға жеткен уақытта митингтің күні мен уақытын жариялайтындарын айтты.  Жарты миллион адамды тіркеу үшін олар арнайы free.navalny.com сайтын ашқан. Қазірдің өзінде Ресей бойынша митингке қатысуға 170 мыңнан астам адам дайын екендерін білдірген.

Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды ақпанның 2-і күні Мәскеудің Симонов аудандық соты «Ив Роше» ісі бойынша 2 жыл 8 айға түрме жазасына кескен. Осыдан кейін саясаткерлердің жақтастары халықтың бейбіт митингке шығуға шақырған. Ақпан айында Ресейдің 180 қаласында наразылық акциясы өтіп, 12 мың адам ұсталған.

Қазір Алексей Навальный Мәскеуден 110 шақырым жерде орналасқан ИК-2 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті