Сағынтаев ертеңгі митингіге дайын

Malim Админ

  • 01.03.2020

Алматы қаласы әкімдігі ертең өтетін митингіге бүгін дайындалып қойыпты. Әкімдік ғимаратының алды қоршалған. Бұл туралы facebook.com әлеуметтік желісінде қоғамдық белсенді Асем ЖАПИШЕВА хабарлады. Және фотоларын жариялады.

«Әкімдік ертеңгі митинг алдында бәрін қоршап тастапты.
Ештеңе етпес, алдына тұра салуға да болады.
Ертең сағат 12
-де мен шығам, сіздер де келіңіздер.
Немцовтың қазасына Мәскеуде бүгін 20 мың адам жиналыпты, Дулат Ағаділдің қай жері кем?
» - деп жазды «Oyan,Qazaqstan» қозғалысының белсендісі.

Сондай-ақ, Асем Жапишева және қоғамдық белсенділер Жанболат МАМАЙ, Даная Калиева әлеуметтік желіде үйлерінің маңын белгісіз біреулердің торып жүргенін жазды.

«Ертең Алматы әкімдігінің алдында өтетін бейбіт митингіге барамын. Таңертең Қарасай аудандық ІІБ-ның полицейлері ұстауы ықтимал. Далат АҒАДІЛДІҢ абақтыдағы өлімін еске отырып, ішімдік ішпейтінімді, шылым шекпейтінімді және денімнің сау екенін мәлімдеймін», - деп жазды Жанболат МАМАЙ әлеуметтік желіде.

Ал Орал қаласында үш бірдей қоғамдық белсенді әкімшілік жазаға тартылды. Олар: Мақсат АЙСАУЫТОВ, Данияр ІНЖІҒАЛИЕВ және Аслан САҒҰТДИНОВ. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Ертең 1 наурыз күні  «Oyan,Qazaqstan» қозғалысы, Respublika партиясын құру бастамашыл тобы, Қазақстан экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ мен ҚДП құру бастамашыл тобы бейбіт митингіге шығатындарын мәлімдеген. Оларды астаналық қоға белсендісі Дулат АҒАДІЛДІҢ түрмедегі өлімі біріктіріп тұр.

Коллаж: МӘЛІМ КЗ

 

Байланысты жаналықтар

Дулат Ағаділдің қазасына қатысты іс тоқтатылды

28.05.2020

"Съезге келгендердің біреуі де митингіге шықпады"

24.02.2020

Алматыны шетелде жарнамалауға жарты миллиард жұмсалмақ

18.03.2021

Дулат Ағаділдің асына бармақ болған белсенділерді жаппай қамап жатыр

05.08.2020

Митингке шыққан белсенділер қамалды

01.03.2020

Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады

04.03.2020
MalimBlocks
Дулат Ағаділдің қазасына қатысты іс тоқтатылды

"Съезге келгендердің біреуі де митингіге шықпады"

Алматыны шетелде жарнамалауға жарты миллиард жұмсалмақ

Дулат Ағаділдің асына бармақ болған белсенділерді жаппай қамап жатыр

Митингке шыққан белсенділер қамалды

Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады