Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Әлеумет

Нұр-Сұлтан Бейжің тәжірибесін қолдана ма?

malim Авторы: malim
19.02.2021
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылы ішкі істер министрлігі азаматтардың биометриялық деректерін жинауға қосымша 3,1 миллиард теңге жұмсамақ. Қаржы министрлігі таратқан мәлімет бойынша, биыл ІІМ бюджеттен қосымша 5,5 млрд теңге қаржы бөлінбек.

«ҚР ІІМ 5,1 млрд теңгенің орнына 10,7 млрд теңге қаржы бөлінеді. Азаматтардың биометриясына қосымша – 3,1 млрд теңге, Нұр-Сұлтандағы 150 адамдық сот сараптама институтының құрылысына – 1,9 млрд теңге қаржы жұмсау қарастырылған», – делінген қаржы министрілігі жариялаған мәлімдемеде.

Билік азаматтардың биометриялық деректерін жинауға 2019 жылдан бастап көңіл бөле бастады. Дәл осы жылдың қазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының дамуына арналған жиында «адамдардың жеке бас деректерін цифрландыру өте маңызды» екенін айта келе, Қытайдың «Hikvision» компаниясының өнімдерін мақтап, Қазақстанда Бейжің тәжірибесін қабылдау қажеттігін мәлімдеп, үкіметке тапсырма берген. Ол өз сөзінде:

«Олар (Қытайлар – ред) негізгі қалаларының барлығын цифрландырған. Өте терең цифрландырған. Қазір оны түсіндіріп жатпайын. Экранға бассаң, адамның қай уақытта университет бітіргені, бос уақытында қайда баратыны, қанша несиесі бар екендігі барлығы шығып тұрады. Бізге де осы бағытта жүру қажет. Бұл жаһандық үдеріс», – деген.

Мемлекет басшысы мақтаған «Hikvision» компаниясын 2019 жылы АҚШ сауда министрлігі «Шыңжаңдағы аз ұлттарға қысым жасауға атсалысты» деп айыптап, санкция салған.

Қытайлық бақылау технологиясы дегеніміз не?

Әлемдік сарапшылар бұл жүйені «цифрлық диктатура» деп бағалауда. Қытай билігі жаңа технологиялардың көмегімен бақылау жүйесі арқылы адамның жеке өмірі мен деректерін сараптап, оған арнайы рейтинг береді. Ешқандай заң бұзбай, қалыптасқан жүйге бағынған азаматқа билік жоғары балл беріп, оған әлеуметтік қолдауды үйіп-төгеді. Бейжің бақылау жүйесі бойынша, 1050 балл жинаған адам «А» тобына кіреді. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметте өсуге, төмен пайызбен несие алуға апаратын бірден бір жол. Ал 1000 балл жинаған адам «АА» тобына, 900 балл жинағандар «В» тобына, 850 балл алғандар «С» тобының қатарына кіреді. Жаңа жүйеге сәйкес, 600 балдан төмен жинағандар «Д» тобына енеді. Бұл топтағылар мемлекеттік қызметке тұрмайды, әлеуметтік көмек немесе несие ала алмайды. Бір сөзбен айтқанда, жүйеге қауіпті адамдар санатына енеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жер-көкке сыйғызбай мақтаған қытайлық жүйе Қазақстан аумағында қандай талаптар бойынша жұмыс істейтіні және қай уақыттан бастап іске қосылатыны әзірге белгісіз…

Tags: БейжіңҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевҚытайНұр-Сұлтан

Ұқсас жазбалар

Фото: Prosprots.kz

Мәдениет министрі орынбасарының не үшін ұсталғаны айтылды

Авторы: malim
26.02.2021
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғанын растады. Бұл туралы бүгін өткен брифигіде агенттіктің...

Аналар үш күннен бері Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеп жүр

Авторы: malim
25.02.2021
0

Бір топ әйел үш күннен бері Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне түнеуде. Олар талаптары орындалмайынша ешқайда кетпейтіндерін айтуда. Аналар биліктен «ана мен...

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев тоқ етерін айтты

Авторы: malim
25.02.2021
0

Бүгін өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер дауына қатысты өз ұстанымын ашық айтты. «Халқымыз үшін жер...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев мұқтаж елдерге көмектескісі келеді

07.04.2020

Ұлттық қордан алынатын қаржы кедей-кепшікке жете ме?

30.03.2020
"Қасым сериясы" кітаптары

«Рухани жаңғырудың» жобасы емеспіз

29.01.2021
Есенғали Раушанов

Есенғали Раушанов: “Тоқаев Назарбаев емес”

20.07.2020
Коллажда: Б. Майлыбаев, Қ. Бишімбаев, Н. Дүтбаев, Б. Майкеев.

Мерзімінен бұрын босап шыққандар

19.06.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!