457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Германия Қытайды Қызыл теңіздегі лазерлік шабуыл үшін айыптады

Федералды Германия Республикасы үкіметі Қытайды Қызыл теңіздегі Aspides атты Еуроодақтың сауда кемелерін қорғауға бағытталған әскери-теңіз миссиясына қатысып жатқан неміс әскери ұшағына лазермен шабуыл жасады деп айыптады. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Осы оқиғаға байланысты Германия Қытай елшісін шақыртты. Берлинде:

«Неміс әскерилеріне қауіп төндіру және миссияның жұмысына кедергі келтіру – мүлде қабылдауға болмайтын әрекет», – деп мәлімдеді.

Германия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шабуылдан кейін ұшақ аман-есен қонып үлгерген. AFP агенттігінің сұрауына жауап берген министрлік өкілі келесідей мәлімдеме жасады.

«Қытай әскери кемесінің экипажы лазер қолданып, ұшақтағы адамдар мен құрал-жабдықтарға қауіп төндірді».

Оқиғадан кейін абай болу мақсатында рейс тоқтатылып, ұшақ Джибутидегі базаға оралды. Кейінірек ол миссияға қайта қосылды.

Хабарламада шабуыл еш себепсіз және алдын ала ескерту жасалмай тұрып, ұшақ әдеттегі ұшуын орындап жатқанда болғаны айтылады. Қытай кемесі бұл аймақта бұған дейін де бірнеше рет байқалған.
dpa агенттігінің мәліметінше, шабуыл 2 шілде күні болған.

Фото: Sascha Steinach/dpa/picture-alliance