Үш қыз - Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер

Malim Админ

  • 06.03.2020

8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында GR ConcuLting Croup-тың стратегия және сараптама бойынша атқарушы директоры Ербол ЕДІЛОВ Қазақстандағы 50 ықпалды әйелдердің рейтингін жариялады.

Ербол Еділов түрлі салада еңбек ететін белгілі әйелдердің тізімін өзінің YEDILOV ONLINE каналында жариялады.

malim.kz сайты озық шыққан елу ықпалдың әйелдің көшбасшыларына тоқталуды жөн санады. Яғни үздік бестікке тоқталсақ.

1-орында Қазақстан Республикасы парламенті сенатының спикері Дариға НАЗАРБАЕВА. Дариға Назарбаева Қазақстанның тұңғыш президенті, Қауіпсіздік кеңесі мен «Нұр Отан» партиясы төрағасы, Халық Қаһарманы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ үлкен қызы. «Хабар» агенттігі ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы, «Асар» партиясыынң басшысы, Мәжіліс төрағасының орынбасары, Үкімет басшысының орынбасары юолған.

2-орынға Дариға НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫНЫҢ сіңлісі Динара ҚҰЛЫБАЕВА жайғасқан. Динара НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ байлығы бойынша  Forbes рейтингіне енген Орталық Азиядағы жалғыз әйел. Ол АҚШ-тың президенті, белгілі кәсіпкер Дональд ТРАМППЕН бірге 715 орынға ие болған. Былтыр 2019 жылы Қазақстанда ең бай үш адамның қатарына кірген. 53 жастағы экс-президент қызының байлығы 3 млрд. 100 млн. АҚШ доллар.

Үздік үштікті Назарбаевтар отбасыынң кенжесі – Әлия НАЗАРБАЕВА түйіндеген. Оқушы кезінде Қаныбек БАЙСЕЙІТОВ атындағы музыкалық мектепте оқыған Әлия НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ Лондон, АҚШ-та білім жетілдірген. Кино өнеріне таласы бар. Кино саласындағы еңбегі үшін Қазақстандағы ең жоғарғы атақтың бірі Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған. Сондай-ақ, Қазақстандағы табысты кәсіпкерлердің бірі.

4-орын Қазақстан халық банкі басқармасының төрайымы Үміт ШАЯХМЕТОВАҒА тиесілі. Үміт БОЛАТХАНҚЫЗЫ Динара Құлыбаеваның жақын құрбысы. Танымал қаржыгер «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Парасат» орденінің иегері.

5-орын Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі Аида БАЛАЕВАҒА беріліпті. Аида ҒАЛЫМҚЫЗЫ 1974 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Алғашқы оқыған оқу орыны Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Коллаж: malim.kz

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Әлия Назарбаева: Қиын кезде мейірім керек

25.03.2020

Әшімбаев, Абаев, Балаевалар – ығысып бара жатқандар

04.05.2020

Қытайша білетіндер сенат спикері болады...

03.05.2020

Халықты тыңдағысы келмейтін әкім: "Сен сайлаған жоқсың мені!"

26.04.2021

Аида Балаева: Гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңі басталды

29.06.2020

Дариғаның өкілеттігін тоқтатуға құдасы да қол көтерді

04.05.2020
MalimBlocks
Әлия Назарбаева: Қиын кезде мейірім керек

Әшімбаев, Абаев, Балаевалар – ығысып бара жатқандар

Қытайша білетіндер сенат спикері болады...

Халықты тыңдағысы келмейтін әкім: "Сен сайлаған жоқсың мені!"

Аида Балаева: Гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңі басталды

Дариғаның өкілеттігін тоқтатуға құдасы да қол көтерді