Қытай елшісі: АҚШ-тың Сайрагүлді марапаттауы – барып тұрған арандату

Malim Админ

  • 07.03.2020

 Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан СЯО АҚШ-тың этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға "Батыл әйел" сыйлығын тапсыруды сынап, мұны "Қытайдың ішкі ісіне қол сұғуға бағытталған арандату әрекеті" деп атады. Елші бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

Чжан Сяо марапаттау рәсімі "қызықсыз циркті елестетіп, Вашингтонның шын мәніндегі мақсаты мен пиғылын ашып берді" дейді.

Елші "Вашингтон Шыңжаңдағы мәселені қайта-қайта көтеріп, жалған ақпарат таратып, Қытайға жала жауып отыр", ондағы АҚШ-тың көздегені –"Шыңжаңды ұлтаралық қантөгіс аймағына айналдырып, Қытаймен есеп айырысу" дейді.

Елші Шыңжаңда аз ұлттарды қудалау бар екенін бұған дейін де жоққа шығарған. Осы жолғы жазбасында Ч.Сяо саяси лагерьлерді "кәсіпке баулу орталықтары" деп атап, оны бітіргендер "жұмысқа тұрып, нан тауып, қоғамға қауіпсіз бола бастады" депті. Қытай мұндай орталықтарды экстремизммен күрес үшін ойлап тапқанын келтірген елші бұл іс нәтижесін беріп, Шыңжаңдағы ахуал "қауіпсіз бола бастағанын" айтады.

АҚШ-тың Сайрагүл Сауытбайға батылдық үшін берген сыйлығын сынаған елші Сауытбайды "Отанын сатып кетті" деп айыптайды.

"Оның батылдығы – өзін және отбасын асыраған Отанын сатып, еліне күйе жағуы. Батыл болса, онда неге Шыңжаңдағы несиесін жаппайды?" – дейді елші.

Қазақстаннан пана сұраған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қытайдағы саяси лагерьлердегі ахуалды баяндап, онда аз ұлттарға қысым көрсетілетінін мәлімдеген. Шыңжаңдағы саяси лагерьлердің бірінде жұмыс істеген ол Қазақстан өзін Қытайға қайтарса, өлім жазасына тартылатынын айтқан. Қазақстан С.Сауытбайды Қытайға қайтармағанымен, босқын мәртебесін бермеді. Былтыр жазда С.Сауытбай Швециядан саяси баспана алған. 4 наурыз күні АҚШ мемлекеттік департаменті С.Сауытбайға "Батыл әйел" халықаралық сыйлығын тапсырған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Алматыда жер сілкінді

12.04.2024

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді

09.04.2024

Соңғы бес айда Қазақстанға 126 мың қытай азаматы келген

01.04.2024

Қытайға киік мүйізін алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

14.03.2024

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

12.03.2024

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

06.03.2024
MalimBlocks
Алматыда жер сілкінді

Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан – афтершок.

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді

MPV магнитудасы 4.6.

Соңғы бес айда Қазақстанға 126 мың қытай азаматы келген

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров былтыр 10 қарашадан бастап Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы келгенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қытайға киік мүйізін алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Тексеріс кезінде 205 дана ақбөкен мүйізі табылған.

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Эпицентрі - Қытай аумағында.