Адам өлімінен кейін орнынан кеткен экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды

  • 22.04.2021
  • Malim Админ

Жұмысынан даумен кеткен Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев жаңа қызметке тағайындалды.

«Тұмабаев Қуат Мұхитұлы экспортты қолдау департаментінің директоры», - деп жазылған сауда және интеграция министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Ведомства баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қуат Тұмабаев жұмысқа мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, конкурстық процедуралар негізінде алынған.

«Конкурсқа қатыстыру немесе қатыстырмау талаптары заңда жазылған. Конкурстық комиссия мүшелерінің барлық процедурасы АДГС сайтында басынан, аяғына дейін ашық көрсетілді. Барлығы жарияланды. Оның (Қуат Тұмабаевтың – ред) конкурсқа қатысуға ешқандай шектеулері болған жоқ», - делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

2018 жылы сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жергілікті әкімнің орынбасары Бауыржан Қуанбаев мас күйінде BMW X5 көлігімен жаяу жүргінші Евгений Смольниковті қағып кетіп, салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған. Осы жылдың маусым айында сот Қуанбаевты бір жылға бас бостандығынан айырып, бес жылға көлік жүргізу құқығын шектеген. Оқиға болған уақытта Бауыржан Қуанбаевтың қасында дәл осы Қуат Тұмабаев болған.

Бұдан бөлек, іс барысында қайтыс болған Евгений Смольниковтің әкесі Виктор Смольниковтің үйінің алдында соққыға жығылғаны белгілі болған. Аталмыш оқиға бойынша іс қозғалып, облыс әкімі Даниал Ахметов халықты «алдын ала тон пішпеуге» шақырған.

2018 жылы тамыздың 1-і күні осы іске қатысты Риддер қаласының жол-потрульдік қызметінің полиция инспекторы Сымбат Қарақұлов жұмысынан босатылған. Ол оқиға кезінде Тұмабаевтың мас күйінде рөлде болғанын және полицияның тоқта деген бұйырығына құлақ аспағанын айтқан. Кейіннен Қуат Тұмабаев инспекторды ар-намысыма тиді деген желеумен сотқа беріп, жеңіліп қалған.

13 тамызда облыс әкімі Даниал Ахметов Қуат Тұмабаевқа отставкаға кетуге ұсыныс жасаған Арада үш күн өткен соң, тамыздың 16-ы күні Тұмабаев қызметінен кетіп, оның орнына Жақсылық Омар келген.

Байланысты жаналықтар

Президент Мәмидің күйеубаласына ескерту жасады

29.06.2020

Алматыны шетелде жарнамалауға жарты миллиард жұмсалмақ

18.03.2021

Назарбаеваның ұлы енді ұялы байланыс саласын игермек

31.05.2021

Вице-премьердің інісі әкім болды

21.03.2020

"Бергей билікке ЖСДП партиясын байлап берді"

15.06.2020

Дулат Ағаділдің туыстары халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

19.06.2020