Композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

Композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ескендір Хасанғалиев өмірден озды.

Malim Админ

  • 30.04.2021

Әйгілі композитор, Қазақстан КСР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 81 жасында дүниеден өтті. 

Біраз уақыт бұрын композитордың коронавирус жұқтырып, ауруханада емделіп жатқаны туралы хабар тараған еді. 

Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ.

 

Байланысты жаналықтар

Өткен жылдың өкініші. Өмірден өткен жақсылар

29.12.2021
MalimBlocks
Өткен жылдың өкініші. Өмірден өткен жақсылар

Қуаныш пен қайғы қатар жүреді, өмір бар жерде өлім бар. 2021 жылы халықтың қабырғасын қайыстырған қазалы күндер де болды. Арамыздан кетсе де, жұрттың жадынан, көптің көңілінен кетпейтін жандарды еске алғанды жөн көрдік.