Бағаны асырған кәсіпкерлерге айыппұл салынады

  • 16.03.2020
  • Malim Админ

ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникация қызметінің онлайн-брифингінде төтенше жағдай кезінде Үкімет азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдағанын айтты. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлығы тұрақтандырылған.

Төтенше жағдай режимінде ел болып, ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуіге тиіспіз. Қазіргі уақытта біз әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түліктің шекті бағасын енгізу тетігін жеңілдетіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюына мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салатын құқықтары бар,- деді министр.

Сонымен қатар, ол азаматтардың өмірі мен денсауылғын қорғау мақсатында сауда нысандарына, қызметтеріне уақытша шектеулер енгізілгенін атап өтті.

Сауда орындарында адамдардың көптеп жиналуына шектеулер қойылды. Яғни халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету шараларымен қатар қауіпті вирусты таратпау шарасы да қолға алынып отыр. Ірі гипермаркеттер, базарлар мен басқа да сауда орындары жұмыс істейді, алайда бірқатар ережелерді сақтаулары керек. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрімен бірге бұл нысандарды залалсыздандыру бойынша жиын өткіздік. Басты мәселе дүкендерде кезектің орын алуын болдырмау,-деді Сұлтанов..

Министр, сондай-ақ ірі сауда орындарына халық бетпердемен кіргізілетінін, егер болмаса сол жерде берілеінін жеткізді. Ірі сауда орындары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, азық-түлік сатпайтын базарлар сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл сауда орындарының барлығында санитарлық норма сақталмақ.

Байланысты жаналықтар

Қытай зорлық-зомбылықты тоқтатып, мұсылман қауымының мәдениетін мойындауы тиіс

29.11.2020

Ақтөбе шенеуніктері параны қарызға алатын болған ба?

20.04.2021

Қазақстандықтардың көңіл-күйі: әлеуметтік өлшем

20.10.2020

Пневмониямен ауырып жатқандарға оттегі жетіспейді

09.07.2020

Алматыда карантин күшейтілді

17.03.2021

Түркістандағы жеке тұрғын үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала

27.02.2021