Электронды сауданы шағын және орта бизнесте де дамыту керек

Malim Админ

  • 28.07.2020

Жыл өткен сайын адам қолының араласуынсыз алыс-беріс жасау тек бір ел ішінде ғана емес, өзге елдермен сауда-саттық жасау кезінде, кеден ісінде де жиі пайдаланылып жүр. Онлайн сауда. Тіпті, кез келген елдің экономикалық кһрсеткішін білу үшін де оның қаншалықты онлайн сауда жасайтынына қарай салуға болады. Түсінікті жайт, мемлекет қаншалықты дамыған сайын электронды қызметтер мен онлайн сауда-саттық та дамиды. Бұл жағынан Қазақстанның әлеуеті қандай? Болашақта не жоспарлап отыр? Бұл жайлы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Үкіметінің отырысында электрондық сауда мәселелері бойынша жасаған баяндамасында айтты.

Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен үкімет отырысында Бақыт Сұлтанов соңғы кездері ел ішінде азаматтардың онлайн сатып алудың тиімділігін түсінгенін, сәйкесінше бұл қызметті көптеп пайлалана бастағанын айтады.

«Қазіргі уақытта көптеген адамдар онлайн сатып алудың тиімділігі мен ыңғайлығын түсініп үйренуде. Әлбетте, бұл үрдіс одан әрі жалғасады. Бүгінде тұтынушылар тауар сапасына көбірек назар аударуда. Халықаралық есептерге сәйкес тұтынушылардың 40%-ті брендтің сенімділігіне қарай тауарды таңдайды. Электрондық сауда саласындағы компаниялардың көпшілігі сатып алушыны тартудың негізгі факторлары ретінде тауарлар туралы деректердің өзектілігі мен тауарларды белсенді өңдеп сатып алушыға дейін жеткізуді атап өтуде. Басқа әлемдік трендтердің ішінде трансшекаралық онлайн-сауданы және логистиканы дамыту үшін елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың күшеюін атап өту маңызды», - деді сауда және интеграция министрі.

Министрдің сөзіне қарағанда, онлайн сауда-саттық әлемді жайлаған пандемия кезінде бұрынғыдан да жиі сұранысқа ие бола бастаған. Дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар, азық-түліктер онлайн саудаланып жатыр. Қазір Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді екен. Министр ұсынған мәлімет бойынша, 2020 жылғы 1 жартыжылдықта электрондық сауда нарығының көлемі 435 млрд. теңгені құрапты. Бұл жалпы бөлшек сауданың 9,4 пайызы. Биылғы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 900 млрд теңгеге дейін жетеді деп болжанып отыр екен.

Бұдан бөлек, төлем операциялары да дамып келеді. Яғни, қолма қол ақшамен емес, аударымдар арқылы, электронды түрде төлем жасаушылар саны артқан. 2020 жылдың 1 мамырындағы көрсеткішке сәйкес, қолма-қол ақшасыз төлем жасаушылар саны былтырғыдан 2,5 есеге өсіп, 7,5 трлн теңге онлайн түрде төленген.

Бақыт Сұлтанов онлайн сауда мен электронды төлемдердің көрсеткішін жалпы бөлшек сауданың 10 пайызына жеткізуді 2025 жылға жоспарлапты. Бірақ, карантиндік шаралар бұл жоспарды өзгертуге ықпал етіпті.

«Бұрын қойылған міндет 2025 жылға қарай жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесін 10%-ке дейін жеткізу болды. Алайда, карантиннің қазіргі жағдайында біз онлайн сатып алуларда елеулі өсімді байқап отырмыз, ол бізді ағымдағы жылы 2025 жылдың мақсатты көрсеткішіне жақындатты. Біз табандылықты саясат жүргізу арқылы электрондық сауданы дамыту қарқынын сақтау жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Осылайша, біз Сауданы дамытудың 2021-2025 мемлекеттік бағдарламасында көрсетілетін 2025 жылға қарай электрондық сауда үлесінің нысаналы көрсеткішін 15%-ке дейін қайта қарауды бастадық», - дейді министр.

Дегенмен, бұл сөз электронды саудада ешқандай кедергілер жоқ дегенді білдірмейді. Онлайн желіге толық көшуге кедергі келтіріп отырған бірнеше мәселе бар. Мәселен, «көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақтылы жеткізе алмау» мәселелері. Бұл тарапта, электронды сауданың көлеңкелі экономиканың көрсеткішін азайтатыны түсінікті. Дегенмен, онлайн сауда жасаймыз деп, алаяқтықпен айналысушылар да жоқ емес. Одан бөлек, соңғы жылдары көп айтылып жүрген шағын және орта бизнес өкілдерінің электронды сауда мен онлайн төлем жасау операцияларына толық ауыса алмай жатқанын айта кету керек.

Осы мәселелерді шешу бойынша, министр атқарылған және атқарылып жатқан шаруаларын тізіп шықты.

  • «Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерді интернет-платформаларда ілгерлету бойынша тікелей қолдау көрсетілді.
  • Пандемия жағдайында жедел қарқынмен дамып жатқан қазақстандық сандық сауда алаңдарын қолдауға бағытталған шаралар қабылдануда.
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның жаңа нормалары шеңберінде Министрлік «бір терезе» қағидаты бойынша тұтынушылардан шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай платформасын іске қосуды көздейді.
  • Халықаралық сауда орталығымен (ITC) бірлесіп «Ready4Trade Central Asia» ауқымды 4 жылдық жобасы іске асырылуда.
  • Сауданы дамытудың мониторингі мен талдауының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құру, электрондық сауда нарығының статистикалық есебін, талдамалық және маркетингтік зерттеулерін жетілдіру, электрондық платформаларды дамыту және кеңейту, фулфилмент орталықтарының желісін кеңейту, кәсіпкерлерді оқыту жөніндегі e-commerce орталықтарын ашу бойынша бірқатар шаралар көзделуде».

Егер сауда және интеграция министрінің жоспары жүзеге асса, электронды сауданың жандануы – шағын және орта кәсіпті жандандыра түсуге және жаппай кәсіпкерлікпен айналысуғам мүмкіндік беретін ірі платформалардың құрылуына ықпал етеді. Оншайн платформалардың бөгеліссіз және адал жұмыс істеуі – шағын кәсіп иелері үшін тиімді болмақ. Сонымен қатар, бұл елдегі баға белгілеу және салық саясатын реттеуде де заңбұзушылықтардың алдын алады деуге болады.

Байланысты жаналықтар

Қарашөкеев қанша шенеунікті соттатпақ?

27.07.2022

Енді өзіңізді кінәлі сезінетін шығарсыз, Сұлтанов мырза?

14.07.2022

Бағаны асырған кәсіпкерлерге айыппұл салынады

16.03.2020

Бақыт СҰЛТАНОВ: Дағдарыста бірігу керек

10.03.2020

Сұлтанов Сағынтаевтан жер алғысы келеді

18.02.2020

Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын қарыз алып түсірмек пе?

04.02.2020
MalimBlocks
Қарашөкеев қанша шенеунікті соттатпақ?

Ауыл шаруашылығы министр Е.Қарашөкеев қарапайым осы шындықты мойындаудың орнына жергілікті жердегі әлеуметтік-кәсіпкерлің корпорациямен алыспақ.

Енді өзіңізді кінәлі сезінетін шығарсыз, Сұлтанов мырза?

"КҮО саңырауқұлақ емес". Сұлтанов Тоқаевқа мораль оқи ала ма?

Бағаны асырған кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Бақыт СҰЛТАНОВ: Дағдарыста бірігу керек

Сұлтанов Сағынтаевтан жер алғысы келеді

Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын қарыз алып түсірмек пе?