freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адам сотталды

Құқық
Павлодарда 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адам сотталды
Freepik.com

Павлодарда Instagram арқылы 15 жастағы қызбен танысып, онымен интимді қарым-қатынаста болған ер адам сотта жауап берді. Бұл туралы Malim.kz Ирбис TV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, олардың таныстығы 2025 жылдың ақпан айында басталған. Ол кезде жігіт 19 жаста, ал қыз 15 жаста болатын.

Сәуір айында кездесуге жігіт өзімен бірге ішімдік пен лимонад алып келген. Екеуі бірге ішімдік ішкен. Кейін қыздың үйінде интимді қарым-қатынасқа түскен. Қарым-қатынас өзара келісіммен бірнеше рет болғанымен, бұл әрекет заңсыз саналады. Бұл туралы қыздың анасы білген соң, полицияға арыз жазған.

Қылмыстық іс сотта қаралып, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген.

«Айыпталушы ҚР ҚК-нің 122-бабы 4-бөлігі 1-тармағы (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сонымен қатар оған өмір бойы педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынады», – деп Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айнұр Юсупова үкім шығарды.

Сотталған азамат сот залында қамауға алынды. Жігіт сот барысында интимдік қатынас болғанын жоққа шығарған жоқ. Қыз бала да бұл әрекеттердің өз келісімімен болғанын айтқан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ сот білім басқармасына қыз баланың анасына қатысты шара қабылдау жөнінде жеке қаулы шығарды. Себебі оқиғалар жәбірленушінің үйінде, түнгі уақытта болған. Анасы сол кезде жұмыста болғанымен, заң бойынша кәмелетке толмаған қызын қараусыз қалдырмауы тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу