freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайрат Түнтеков үйленген бе: Танымал әнші отбасы туралы ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)

Қоғам
Қайрат Түнтеков үйленген бе: Танымал әнші отбасы туралы ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Қайрат Түнтеков

Танымал әнші Қайрат Түнтеков Qazaqstan арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі мен отбасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі отбасының өмірін жария етпеуге тырысатынын айтып, мұның себебін тіл-көзге сенетіндігімен түсіндірді.

"Отбасымды көрсеткім келмейді. Себебі тіл-көз тиюге сенемін. Өзім де сондай жағдайды бастан өткердім. Тіпті құлап қалып, ертесіне жүруге шамам келмеген кездер болды", – деді әнші.

Қайрат Түнтеков – қазақстандық танымал әнші, "SuperStar KZ" жобасының екінші маусымының жеңімпазы. Ол 1986 жылы 14 ақпанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Бала кезінен музыкаға қызығып, мектеп хорында ән айтқан.

2000 жылы небәрі 14 жасында "Бозторғай" халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Кейін де түрлі музыкалық жарыстарда жүлдегер атанды. 2005 жылы "SuperStar KZ" жобасында жеңіске жетіп, бүкіл елге танылды. Көрермен оны ерекше дауыс диапазонымен және сахнадағы харизмасымен жақсы қабылдады. Жобаның басты жүлдесі – жеке альбом жазуға келісімшарт болды. Жеңістен кейін әнші туған қаласы Шымкентке оралып, шығармашылығында уақытша үзіліс болды. Бұл кезеңде ол жеке шараларда өнер көрсетіп, тәжірибе жинады.

2009 жылы продюсер Динара Адаммен жұмыс істей бастады. Қысқа уақыт ішінде жаңа әндер жазып, "Baby" атты алғашқы бейнебаянын ұсынды. Кейін "Екі жұлдыз" жобасына қатысып, актриса Линда Нигматуллинамен дуэтте өнер көрсетті. Бұл жоба қорытындысында екінші орынға ие болды.

Сол жылы француз әншісі Грегори Ле Маршалдың "SOS d’un terrien" әнін орындап, тыңдарман ықыласына бөленді. 2010 жылы Юрмалада өткен "Жаңа толқын" байқауына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Байқауда ол төртінші орын алып, "Идеал артист" арнайы сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, оған бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған ерекше музыкалық кілт табысталды.

Әнші Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында эстрадалық вокал мамандығы бойынша білім алған. 2012 жылы ол жол-көлік оқиғасына түсіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейін сот шешімімен айыппұл төлеп, шетелге шығуына уақытша шектеу қойылды. Соған қарамастан, Қайрат Түнтеков қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер иесі ретінде танылып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу