freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан балуаны Азия чемпионатында алғашқы алтынды иеленді

Спорт
Қазақстан балуаны Азия чемпионатында алғашқы алтынды иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінінің үшінші жарыс күнінде грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының балуаны Алматбек Аманбек чемпион атанды, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

72 келіде сынға түскен отандасымыз шешуші белдесуде Иран балуаны Мохаммад Резаиді уақытынан бұрын жеңіп,өзінің спорттық мансабында айтулы жетіскке қол жеткізді. Кездесудің алғашқы кезеңінде парсы балуанының партердегі қателігін оңтайлы пайдаланған Алматбек құрлық біріншілігінің алтынын иеленді. 

Сондай-ақ, 82 келіде Ибрагим Магомадов шешуші белдесуде Қытай өкілі Жуй Люден басым түсті. Кездесу барысында отандық бозкілем шебері 5:3 есебімен белдесуді табысты аяқтады.

35 жастағы Магомадов осымен Азия чемпионатындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Ол бұған дейін 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген болатын. 

Сонымен бірге, 97 келіде Ислам Евлоев үздік үштіктің қатарына енді. Оңтүстік Корея балуаны Минхо Лимен айқаста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұған дейін Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, классик балуандар арасында Ербол Камалиев (60 кг) пен Қаһарман Қисметов (77 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу