freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келісті

Әлем
АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келісті
Getty Images/ugurhan

Таяу Шығыстағы шиеленісті дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған маңызды қадам жасалды. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соққыларды уақытша тоқтатуға дайын екенін мәлімдегеннен кейін, ресми Тегеран екі апталық бітім шарттарын қабылдады. Тараптар арасындағы келіссөздер жұма күні Исламабадта басталмақ, деп хабарлады Al Jazeera арнасы.

АҚШ бұл қадамға бару үшін негізгі талап ретінде Ормуз бұғазы толық әрі қауіпсіз ашылуын алға тартты. Иран тарапы алдағы екі апта ішінде бұғаз арқылы кемелердің еркін әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді. 

Бұл бастама Шехбаз Шарифтің өтінішінен кейін көтерілді. Ол АҚШ президентінен келіссөз мерзімін ұзартуды сұрап, Иранды бұғазды толық ашуға шақырған. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келіссөздердің алғашқы кезеңі жұма күні Исламабадта өтеді. Сарапшылар бұл қадам аймақтағы әскери шиеленісті бәсеңдетуге және әлемдік энергетикалық нарықтағы тұрақсыздықты азайтуға ықпал етуі мүмкін екенін айтады.

Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызға ие. Әлемдегі мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бірі осы бағыт арқылы өтетіндіктен, оның қайта ашылуы халықаралық нарыққа тікелей әсер етеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу