freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Келе ғой, айналайын”: Абай облысында атты полицей адасып кеткен 3 жасар баланы құтқарды

Қоғам
“Келе ғой, айналайын”: Абай облысында атты полицей адасып кеткен 3 жасар баланы құтқарды
видеодан кадр

Абай облысында атпен жүрген полицей айдалада жоғалған баланы тапты, - деп хабарлайды  Malim.kz Polisia.kz-ке сілтеп. 

Абай облысында жоғалған 3 жастағы баланың дер кезінде табылуы қайғылы жағдайдың алдын алды.

Оқиға 8 сәуір күні Ақсуат ауданында болған. Кішкентай бала байқатпай үй ауласынан шығып кетіп, белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеу жұмыстарын бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабар берген. Хабар түскен сәттен бастап өңірдің полиция қызметкерлері дереу жұмылдырылып, іздестіру жұмыстары басталды.

Әрбір минуттың маңызды екенін түсінген тәртіп сақшылары елдімекен маңын, ашық даланы, барлық ықтимал бағыттарды мұқият тексерді. Бірнеше сағатқа созылған іздеудің нәтижесінде атпен жүрген полиция қызметкері елдімекеннен алыс айдалада жалғыз жүрген кішкентай баланы байқап қалады. Толқығанын жасыра алмаған полицей балаға: -  "Айналайын, келе ғой…" - деп тіл қатады.

Сағат 14:00 шамасында бала елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Абырой болғанда, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Бала тек адасып кеткені анықталды. Бұл оқиға — жедел әрекет пен үйлесімді жұмыстың, сондай-ақ әрбір минуттың маңызын айқын көрсетеді.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу