freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте қайғылы жағдай: 8-сынып оқушысы көз жұмды

Оқиға
Шымкентте қайғылы жағдай: 8-сынып оқушысы көз жұмды
Фото: ІІМ

Шымкентте 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Malim.kz Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенімен, жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмады. Қайғылы жағдай 6 сәуір күні оқушы үйінде болған кезде тіркелген.

Ведомствоның хабарлауынша, жасөспірімді туыстары тауып, бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келген сәтте оның өмір белгілері анықталмаған.

Ресми дерекке сәйкес, оқушы бұрын арнайы медициналық есепте тұрмаған. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу