Желіде Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға қатысты ІІМ баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұған дейін желіде Астанада Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Оның үстінен қол астындағы 20 қызметкерден ұжымдық арыз түскені хабарланды.
"Сауалыңызда көрсетілген тұлға тексеру жүргізу кезеңінде қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілді", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Данияр Мейірхан - полиция полковнигі. 2012-2022 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде бөлім бастығынан бастап басқарма бастығына дейінгі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2023 жылдан 2024 жылға дейін ІІМ Қостанай академиясында бөлім бастығынан бастап академия бастығының орынбасарына дейінгі қызметтерді атқарды.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап - ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары.
2024 жылдың желтоқсанынан бастап - Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап - ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы.