freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Психиатриялық ауруханадағы Ақбаян Мұқанғалиева туралы тың дерек шықты

Денсаулық
Психиатриялық ауруханадағы Ақбаян Мұқанғалиева туралы тың дерек шықты
Видеодан скрин

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысы Жангелдин ауылындағы отбасын өлтіру ісіне қатысты жаңа мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды  Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Әділовтің айтуынша, іс бойынша екі күдікті бар, олардың бірі - күдіктінің жұбайы әрі қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева. Ол сараптама жүргізу үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті іс-шаралар атқарылып жатыр. Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер министрлігінен Атырауға барып, бұл қылмыстық істің барысын естіп тұрамыз", - деді ол.

Әділовтің сөзінше, қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты стационарлық кешенді сот-психолого-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр.  

"Ол да күдікті деп танылды. Қазіргі уақытта психиатриялық ауруханаға орналастырылды. Стационарлық, кешенді тексеру, сот-психолого-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады министрдің орынбасары.

Ол іс бойынша әзірге жаңа күдіктілер жоқ екенін нақтылады.

Сараптама тағайындау себебі туралы сұраққа жауап бере отырып, вице-министр тиісті шешім жиналған материалдар мен күдіктінің мінез-құлқына негізделіп қабылданғанын атап өтті.

"Оның іс-әрекеттерінде де, алғашқы берген жауаптарында да сараптама тағайындауға негіз болды. Сондықтан осы сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдадық", - деді ол.   

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.

6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.

Күдікті туралы

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызы Индонезияда ұсталды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу