freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамалды

Қоғам
Блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамалды
Фото: instagram.com/adiletkhan

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Сот санкциясымен күдіктіге екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция жалған ақпарат тарату заңмен жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Блогерге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 1-бөлігі («көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша іс қозғалған. Аталған бап бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін сот оны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алған болатын.

Айта кетейік, блогер Instagram желісінде бір миллионнан астам оқырман жинаған. Ол Әл-Фараби даңғылындағы үш адам қаза тапқан жол апатына қатысты жазбаларынан кейін көпшіліктің назарына іліккен. Өз жазбаларында апатқа құқық қорғау органының қызметкері қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

Полиция мәліметінше, Әділетхан Молдахан бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген, алайда теріс себептермен қызметтен босатылған.

Сондай-ақ ол бұған дейін топ болып жасалған тонау ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2023 жылы сыбайластарымен бірге ірі көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденгені үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу