Атырау қаласында қоқыс полигонында болған өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Өрттің аумағы шамамен 2500 шаршы метрді құрады. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төнген жоқ.
Атырау облысының жедел қызметтері өртті толықтай жойып, оның полигон аумағынан тыс таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіруге 35 техника мен 65 адам жұмылдырылды. Олардың қатарында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және «СпецАвтоБаза» ЖШС жұмысшылары бар.
Өрттің жалпы аумағы шамамен 2500 шаршы метрді құрады.
Жағдай толық бақылауда. Қазіргі уақытта қайта тұтанудың алдын алу үшін аумаққа қосымша мониторинг жүргізілуде. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД.
Аймақта қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында аумағы 50 гектар болатын жаңа полигон салу және қолданыстағы нысанды рекультивациялау жоспарланған.