freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейлік әншінің концертіне алданған қазақстандықтар сотта жеңіске жетті

Қоғам
Ресейлік әншінің концертіне алданған қазақстандықтар сотта жеңіске жетті
Фото: Instagram/akmalsvami

Қазақстандықтар өтпей қалған концерттің билет ақшасын сот арқылы қайтарып алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресейлік әнші Akmal-дың Қазақстандағы концертіне билет алған көрермендерге 5,3 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл жайлы Солтүстік Қазақстан облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мәлімдеді.

Еске сала кетейік, орындаушының Қостанай қаласында 2025 жылдың 25 қазанына жоспарланған концерті өтпей қалған болатын. Алайда ұйымдастырушы тарап заңда белгіленген тәртіппен қаражатты қайтаруды қамтамасыз етпеген: кейбір азаматтарға ақша мүлдем берілмесе, кейбіріне тек жартылай қайтарылған.

Тұтынушылардың жаппай шағымынан кейін департамент сотқа талап арыз түсірді. Сот талқылауы барысында ұйымдастырушының міндеттемелерін орындамағаны дәлелденіп, жауапкерден 5 380 126 теңге өндірілді.

Сот билеттердің электронды платформа арқылы сатылуы кәсіпкерді жауапкершіліктен босатпайтынын және көрсетілмеген қызмет үшін ақша толық қайтарылуы тиіс екенін айқындап берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу