Мұнайшының орташа айлығы үш жарым миллион теңге...

  • 01.11.2021

Қазақстан бюджетінің негізгі жыртығын мұнай жамап келеді. Былтыр мұнай саласы үшін қиын қыстау жылы болды. 2020 жылы елде 85 миллион тонна мұнай өндірілді. Оның алдыңғы жылдары өндірілген мұнай көлемі 90 миллион тоннадан кем түспейтін. Қара алтынның көлемі ғана емес, әлемдегі бағасы да түсіп кетті. 100 доллардан төменгіні менсінбейтін бір баррель мұнай бағасы 2020 жылы 18 долларға дейін құлдырап түсті. Жыл соңына қарай әупірімдеп 50 долларға әрең жетті.

Әйтеуір мұнай компаниялары жұмыстарын уақытша тоқтатып, кейбірі жұмысшыларын қысқартып амалдап шықты.

Мұнай саласында қызмет көрсететін компаниялардың одағы KazService -тің директоры Нұрлан Жұмағұлов Malim.kz сайтының мұнайшылардың жалақысына қатысты сұрағына жауап берген еді. KazService компаниясының былтырғы жылға дайындаған мәліметтеріне қарағанда ең көп айлықты 2020 жылы 8 мыңнан астам жұмысшысы бар Теңізшевройл компаниясының мұнайшылары алыпты. Бұл компанияның жұмысшысы бір жылда орта есеппен алғанда 42 миллион 909 мың 562 теңге айлық алған. Ал орташа айлығы 3 миллион 575 мың 800 теңге болған. Алайда, Н.Жұмағұлов «Теңізшевройл туралы айтқанда, бұл айлық мөлшеріне ауқымды жұмыс жүріп жатқан Теңіз кен орынына шетелден іссапармен келіп-кетіп жатқан мамандар мен олардың айлықтарын есепке алынғанын ескерген жөн» дейді. Яғни, Теңіз кен орынында жергілікті жердегі мамандардан бірнеше есе көп айлық алатын мамандар  жеткілікті болған. Солардың көп айлықтары компаниядағы орташа айлықтың көлемін көбейтіп отыр.

Екінші орында НКОК (Қашаған) компаниясы. Бұл компанияның мұнайшылары орта есеппен 3 миллион 440 мың айлық алған.

Үшінші орында КПО (Қарашығанақ) компаниясының мұнайшылары. Орташа айлықтары -2 миллион.

Ал соңғы жылдары жиі шеруге шығып жүрген Өзенмұнайгаз компаниясына қатысы бар мұнайшылардың орташа айлығы - 657 мың теңге.

Елімізде бір жылда 100 мың тоннадан артық мұнай өндіретін 36 компания бар десек, соларды беретін орташа айлығына қарап ретке тұрғызсақ, онда Өзенмұнайгаз компаниясы еш ұялмастан, түк қысылмастан 7 орынға тұра қалады екен.

Ал жыл сайын 100 тоннадан артық мұнай өндіруші компаниялар арасында ең аз орташа айлық Кұмкөл Транс Сервиске тиесілі екен. Құмқөлдік мұнайшылар бар-жоғы 190 мың 986 теңге орташа айлық алған.

Мұнай саласында қызмет көрсететін компаниялардың одағы KazService жасаған кесте былай дейді:

Бас беттегі көрнекі фото (скрин шорт) интернеттен.

(Ақтөбе облысындағы «КМК Мұнай» компаниясының жұмысшылары айлық өсіруді талап етіп тұр)

 

Байланысты жаналықтар

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

25.09.2024

Ақтауда әйелін пышақтаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

15.07.2024

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған адам 22 жылға сотталды

05.07.2024

«Басшылық қудалап жатыр»: Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты

27.06.2024

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының басшылары туыстарына жалақы төлеп келген

25.06.2024

Маңғыстау облысында 2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

06.06.2024
MalimBlocks
Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

Ақтауда әйелін пышақтаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған адам 22 жылға сотталды

Сотталушы жасөспірім қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланған

«Басшылық қудалап жатыр»: Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты

1976 жылдан бері істеп келе жатқан «Жалғызтөбе» кен орнында 60-қа жуық мұнайшы жұмыс істеуден бас тартып отыр.

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының басшылары туыстарына жалақы төлеп келген

Сотқа дейінгі бес тергеу амалы ҚР ҚК 189 бабы баптың 4-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе ысырап ету) басталды.

Маңғыстау облысында 2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр.